Page 15 - 21kzd_kz
P. 15

1998  жылы  Ақтоғайда  Әлихан  Бөкейхановқа,  Әлімхан  Ермековке,  Жақып  Ақбаевқа
            ескерткіш  орнатылды  және  Әлихан  Бөкейхановтың  4  залдан  тұратын  мұражай-галереясы
            ашылды. Мұражайда  Ә.  Бөкейхан еңбектерінің  түпнұсқалары  мен  көшірмелері,  жеке  заттары
            және басқа да құнды жәдігерлер жинақталған.
                  2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып
            өтті.  Барлық  жерде  ғылыми-тәжірибелік  конференциялар,  мәдени-көпшілік  және  басқа  да
            әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді.
                  2016  жылдың  желтоқсан  айында  Қарағандыда  «Әлихан  Бөкейхан  және  Тәуелсіз
            Қазақстанның  тарихи  негіздері»  атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  өтті.
            Шараға қатысқан Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінің зерттеушілері
            алаш  арысының  атқарған  еңбегі  мен  ерлігін  көпшілікке  жеткізді.  Конференция  барысында
            Қарағанды  облысы  әкімдігінің  қаржыландыруымен  1000  данамен  жарық  көрген  «Әлихан
            Бөкейханның шығармаларының» 15 томдығының таныстырылымы болды.
                  Ақтоғай  ауданында  жалғасын  тапқан  шарада  Ақтоғай  ауылындағы  оның  есімімен
            аталатын мектеп алдына Бөкейхановтың бюсті орнатылды.
                  2019  жылы  Қарқаралыда  ескерткіш-ансамблі  орнатылды.  Бұл  ескерткіште  Алаш
            қозғалысының көшбасшылары - А.Бөкейхан, А. Ермеков, А. Байтұрсыновтың дөңгелек үстел
            басында өз халқының болашағын талқылап отырғаны бейнеленген.

                                                       Әдебиеттер:
                  Бөкейхан Ә. Мақалалар, сын-зерттеулер және тергеудегі жауаптар: ғылыми басылым / Ә.
            Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; ред. Қ. Асанов; Қарағанды
            облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2013. - 316 б. - (Сарыарқа кітапханасы).
                  Бөкейхан Ә. Шығармалары = Сочинения: [жинақ]. - Астана: Алашорда, 2016 - 2018. -12 т.:
            Мақалалар,  жарияланымдар,  пікірлер  (рецензиялар),  ғылыми  ізденістер,  әдеби,  ғылыми
            аудармалар,  хаттар  =  Статьи,  заметки,  рецензии,  научные  исследования,  художественные,
            научные  переводы,  переписка:  1924-1925  (Мәскеу-Орынбор-Ленинград-Мәскеу)  /  құраст.  С.
            Аққұлы. - [толықт. 3-бас.]. -  2018. - 572 б.
                  Бөкейхан Ә. Таңдамалы:  Шығармалар  жинағы. 2  кiтап.-  Алматы: Өлке,  2003.-  224 бет.-
            (Алаш мұрасы)
                  Бөкейхан  Ә.  Шығармалары  =  Сочинения:  қазақ  және  орыс  тілдерінде.  -  Т.1-15.  /  бас
            демеуші Қарағанды облысы; құраст. С. Аққұлы. - Астана: Сарыарқа, 2016. - 2-бас. толықт.
                  Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы = Полное собрание сочинений: қазақ және
            орыс тілдерінде / Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және
            мұрағат  комитетінің  бағдарламасы  бойынша  шығарылды;  құраст.  Ж.  С.  Аққұлұлы.  -  Астана:
            Сарыарқа, 2009. – Т.1-9.
                  Бөкейханов  Ә.  Жұрт  қызметін  таза  атқар  //  Шаймерденұлы  Е.  Шығармалары:  /  Е.
            Шаймерденұлы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 159-164 б.
                  Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 334 б.

                                                            ***
                  Бөкейханов  Ә.  Керек  сөз.  Балқан  соғысы.  Тағы  соғыс  [1913-14ж.ж.]  //  Қазақ  тарихы.  –
            1999. – N2.- 30-32 б.
                  Бөкейханов Ә. Қазақтың қамын ойлаумен…/Алғы сөзін жазған С.Жәмкенұлы/ //Ақиқат. –
            1992.-№2.- 39-43 б.
                  Бөкейханов Ә. Талқан соғысы. Тағы соғыс. /1913-14 жж/ //Қазақ тарихы. –1999. –№2.- 30-
            32 б.

                                           Ә. Бөкейханов туралы әдебиеттер:
                  Аққұлы  С.  Әлихан  Бөкейхан.  Қазақ  жерінің  жоқшысы  =  The  Unifier  of  kazakh  lands:
            [тарихи  басылым].  1  т.  /  С.  Аққұлы,  Ә.  Аққұлы  ;  ред.  Д.  Қамзабекұлы.  -  Астана:  Алашорда,
            2017. - 798 б. 2 т.
                  Алаш қозғалысы: балаларға  арналған  анықтамалық  /  Е.  Тілешов  [және  т. б.]. -  Алматы:
            InterBesCompany, 2017. - 149 б.
                  Алаштың  Әлиханы:  алаш  қайраткері,  ұлт  көсемі  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханның
            туғанына  150  жыл  толуын  ЮНЕСКО-ның  даталы  мерекелер  шаралары  деңгейінде  аталып
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20