Page 20 - 21kzd_kz
P. 20

теориясы  мен  мифтік  поэтика»,  «Көркем  тарихнамалық  шығармашылық  дәстүр»,  «Ауызша
            авторлық әдебиет поэтикасы», «Классикалық әдеби дәстүр» пәндерінде дәріс берді.
                  Филология  ғылымдарының  докторы  (1993),  профессор  (1995),  оның  ғылыми  зерттеу
            еңбектері  әдебиеттану  проблемаларына  арналған,  бұл  салада  60  -  тан  астам  ғылыми  еңбегі,
            оның  ішіңде  6  монографиясы  жарық  көрді.  Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі  (1985),
            «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері».
                  «Күн  тамшысы»  (1973),  «Алтын  керуен»  (1980)  өлең  кітаптарынын,  «Оралу»  (1984),
            «Туысқандар»  (1984),  «Көгілдір  тырналар»  (1988)  әңгіме,  повесть  жинақтарының  авторы.
            Әңгімелері мен повестері орыс, белорус , өзбек тілдеріне аударылған.

                                                       Әдебиеттер:

                  Әбдіраман Ш. Шығармалары: / Ш. Әбдіраман, Т. Рахымжанов, И. Хасенұлы; құраст. Қ.
            Асанов;  Қарағанды  облысының  әкімдігі.  -  Астана:  Фолиант,  2014.  -  397  б.  -  (Сарыарқа
            кітапханасы)
                  Рахымжанов Т. Алтын керуен: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1980.-56 б.
                  Рахымжанов Т. Көгілдір тырналар: Повесть, Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988.-224 б.
                  Рахымжанов Т. Оралу: Повесть және Әңгіме.- Алматы: Жалын, 1982.-156 б.

                                                            ***
                  Рахымжанов Т.  Халық поэзиясы және Абай // Ақиқат. - 2001. - №8. - 64-69  б.
                  Рахымжанов Т.  Жалғыздық - жолдас, серігім // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 16-22 тамыз (№
            32). - 8 б.
                  Рахымжанов Т. Қазақ әйелі және соғыс // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 2-8 желтоқсан (№ 49). -
            36-37 б.
                  Рахымжанов Т. Жарық дүние-шұғыла жыр // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 25-31 тамыз. - 15 б.
                  Рахымжанов Т. Бураның ақыры // Жалын. - 2019. - № 10. - 36-54 б.

                                             Т. Рахымжанов туралы әдебиеттер:

                  Рахымжанов Теңізбай //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық: - Алматы: Ана
            тілі, 2004. - 256 б.
                  Рахымжанов  Теңізбай  //Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық:  75  жыл  /  құраст.  С.
            Қамшыгер, 2009. – 328 б.
                  Рахымжанов Теңізбай Нәбиұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
            А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 447 б.
                  Рахымжанов  Теңізбай  //  Советтік  Қазақстан  жазушылары:  Био-библиографиялық
            анықтамалық.- Алматы, 1987.-508 б.
                                                            ***
                  Тебегенов Т. Шығармашылық және ғылыми таным // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 22-28 сәуір
            (№ 17). - 8 б.

                                                    14  сәуір  1901  -  1986  Өлкетанушы  Леонид  Федорович
                                                    Семеновтың туғанына 120 жыл

                  Леонид  Федорович  Семенов  1901  жылы  14  сәуірде  Ақмолада  дүниеге  келді.  Ол  1912
            жылы үш жылдық приход мектебін бітірді, содан кейін Петропавлдағы училищесіне түсіп, 1918
            жылы  бітірді.  1921  жылы  Қызыл  Армияда  29-шы  Сібір  атқыштар  дивизиясының  саяси
            бөлімінің  қызметкері  болып  қызмет  етті,  содан  кейін  кітапхананы  басқарды.  Көз  ауруына
            байланысты армиядан қайтып, Ақмолаға оралды. Онда уездік халық ағарту бөліміне кітапхана
            инспекторы болып кірді. 1922 жылдан бастап орталық кітапхананы басқара отырып, Халықтар
            үйіне басшылық жасады. Дәл осы жерде кітапхана жанында Нардом ғимаратында 1923 жылы 1
            мамырда  өлкетану  мұражайы  ашылды.  Л.Семеновтың  Ақмоладағы  мұражай  құру  идеясы  бес
            жыл  бойы  қажырлы  еңбектің  арқасында  жүзеге  асты.  1928  жылға  дейін  музейде  қаражат
            болмаған, ол басшысы ретінде ерікті негізде жұмыс істеді. Кейін уездік кітапхана меңгерушісі
            негізгі лауазымы алынды.
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25