Page 14 - 21kzd_kz
P. 14
қарсы ортақ күресі идеясын ұсынады. Саяси партия құру жөніндегі ісінде одақтастар іздеу
мақсатында 1914 жылы социал-революционерлер партиясымен («эсер») жақындасып, 1914-15
жылы оның басшысы А.Ф. Керенскиймен үш рет жүздеседі. 1916 жылы Бүкілресейлік жер
одағының жұмысына қатысады.
1917 жылдың 3 наурызында Уақытша үкіметтің Торғай облысы бойынша комиссары, ал 7
сәуірде Түркістан комитетінің мүшесі болып сайланады. Ақпан революциясынан кейін
жетекшілік етіп, 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынборда бүкілқазақ съезін өткізіп, қазақ
зиялыларымен бірге кадет париясынан шығып, «Алаш» партиясы атқару комитетіне кіреді.
1917 жылғы Қазан революциясынан кейін Орынборда 5-13 желтоқсанда Алаш партиясының 2-
съезін өткізіп, Алаш автономиясын құру туралы шешім қабылдайды. 1917 жылы желтоқсанда
өткен осы партияның съезіне қатысып, құрылған «Алашорда» үкіметінің төрағасы болып
сайланып, «Алашорда» үкіметі Батыс бөлімшесінің қызметіне рухани басшылық етеді. Ресей
Федерациясы қүрамында қазақ мемлекеттігін сақтап қалуға тырысып, 1918 жылы наурызда
Семейден тікелей телефонмен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В. Ленинмен,
Ұлт істері Халық комиссары И.В.Сталинмен келіссөз жүргізеді. Азамат соғысының аяқталу
қарсаңында Кеңес өкіметі Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің 1920 ж. 9-наурыздағы
бүйрығымен Алашорда мекемелерін таратылып, оның басшылары қуғын-сүргінге ұшырайды.
1920 жылы Қазақ АКСР егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, 1922 жылы
Ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның, 1926-1927
жылдары Ресей Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері болып, мақалалар жариялайды.
1922 ж. контрреволюциялық іс-әрекеттері үшін айыпталып, кінәсі болмағандықтан
босатылады. 1926 жылы ОГПУ қызметкерлері Мәскеуден бақылаушы органдардың
рұқсатынсыз шығып кеткені үшін Ақтөбеде тұтқынға алып, кейін қайтарып, Бутырка
абақтысына қамайды. 15 күннен соң дәлел болмағандықтан босап шығады. 1927 ж. 1-қазанынан
1937 ж. шілдесіне дейін Мәскеуде, ОГПУ органдарының қатаң бақылауында болады.
Қазақстанда тұрып, жұмыс істеуіне тиым салынады. 1927-1937 жылдарда Мәскеуде бірыңғай
ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен шұғылданады. Осы мерзім ішінде бірнеше рет саяси
айып тағылып, жауапқа тартылады.
Сталиндік билікке ұшырап, қуғындалып, 1937 жылдың тамызда тұтқындалып, түрмеге
түседі. Сол жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі
бойынша ату жазасына кесіледі.
Халқын отаршылдықтың құлдық қамытынан босату үшін күрескен өз заманының аса
білімді де білгір, парасатты, терең ойлы, ірі қайраткері, Шығыстың шын мәніндегі ұлы тұлғасы
1989 жылы 16 мамырда КСРО Жоғары сотының Қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы
жоқ болғандықтан толық ақталады.
«Қазақ» (1913-18), «Сарыарқа» (1918) газеттерін, «Абай» (1918) журналын шығаруды
ұйымдастырып, Кеңес өкіметі жылдарында «Темірқазық», «Қызыл Қазақстан», «Жаңа әдебиет»
т. б. журналдармен, «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» және т.б. газеттеріне «Қыр
баласы», «Ғ.Б.», «Қ.Б.», «А.Б.», «Сын степей», «Туземец» дегенб үркеншік аттармен
(псевдоним) көптеген публицистикалық еңбектер жариялаған. «Абай» (Ибраһим) Құнанбаев»
атты қазанамалық мақаласы, әр жылдары «Қарақыпшақ Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза
Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген не?», «Ән, өлең һәм оның құралы» т.б. еңбектері, «Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», этнографиялық сипаттағы «Қазақтардың ас беруі» зерттеу
еңбектері жарияланады. «Ер Тарғын» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын жинап,
бастырды. Орыс жазушылары Л. Толстой, А. Чехов, В, Короленко, Д. Мамин-Сибиряк, француз
жазушысы Ги де Мопассанның шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Академик М.Қозыбаевтың пікірінне сүйенсек Әлихан Бөкейханов (400-ден астам жұмыс)
бай мұра қалдырған.
Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ интеллигенциясының
жарқын өкілі Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанның дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап
өтеді.
1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Қарағанды облысы қазіргі Ақтоғай
ауданының бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне Ә.Н.Бөкейхан есімі беріледі. Қарағандыда
Октябрь ауданында Ә.Бөкейхан есімімен аталаған мектеп бар (№76 мектеп). Алматы және Нұр-
Сұлтан қалаларында Ә. Бөкейхан көшелері бар.