Page 13 - 21kzd_kz
P. 13
оқып, «Ғалым орманшы» және «Заңгер» деген қос дипломды иеленеді. Студент кезінде
отаршылдыққа қарсы ұйымдастырылған «Зарзаман» тобының жұмысына белсене кірісіп, саяси
күреске араласа бастайды. Сол кезден Ресей жандармерия басқармасының назарына ілігіп,
«саяси сенімсіздердің қара тізіміне» енеді. Институтты аяқтаған соң, Омбы орман
шаруашылығы училищесінде математика пәнінен сабақ беріп, «Степной край» газетінің
редақция алқасының құрамына енеді. ХІХ ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы
училищесінде оқытушылық қызмет атқарып жүргенде ғылыми жұмыспен айналысады. 1896
жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Императорлық Орыс географиялық қоғамының
Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшелігіне қабылданып, «Россия. Жалпы географиялық сипаттама»
атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18-томына автор ретінде қатысады. Ғылыми
жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене кірісіп, Ресей
императорлық георграфия қоғамының қызметіне араласып, 1896 жылы Батыс-Сібір бөлімінің
мүшесі болып, 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланады. 1896-1901 жылдары әуелі
Тобыл губерниясы экономикасын зерттеуге арналған экспедицияның, кейін 1896-1903 жылдары
қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф. А. Щербина экспедицияның
жұмысына қатысып, қазақ елінің экономикалық жағдайын, шаруашылығын, этнографиясын,
тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зертттеумен айналысады. Экспедиция
қорытындылары 1903-1905 жылдары жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шығады. 1903 жылы
С.П.Швецов басқарған Сібір экспедициясы құрамына кіріп, қазақтардың мал шаруашылығын
зерттеген экономикалық экспедицияға атсалысып, қой өсіру жағдайы туралы көлемді еңбегк
жазады.
Қазақ елінің азаттығы жолындағы саяси күрес ісіне белсене қатысып, 1905 ж. бастап Ресей
конституциялық-демократиялық (кадеттер) партиясына мүше болып, оның қазақ бөлімшесін
құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізеді. Осы жылы Қарқаралыда орыс
отаршылдығына қарсы ұйымдастырылған қозғалысқа басшылық жасап, атақты Қоянды
жәрмеңкесінде қазақ даласында саяси және ұлт мәселелерін шиеленістірмей шешу шаралары
көрсетілген, дінге қысым жасамау, қазақша мектептер ашу, Орта Ресейден қоныс
аударушыларды тоқтату, қазақ тілінің мәселесі көтерілген талаптар енгізілген, 145 мың
адамның қолы қойылған «Қарқаралы петициясын» ұйымдастырады. Сол жылы Орал қаласында
Қазақстанның бес облысының зиялылары мен игі жақсылары бас қосқан съезге басшылық
жасап, бастапқыда Ресей кадет партиясының филиалы ретінде құрылған Алаш партиясын
құрады.
1905 ж. қарашада Мәскеуде өткен (1905, қараша) земство және қала қайраткерлерінің
съезіне қатысып, тіл, сайлау, дін т.б. бостандықтар мәселесін көтереді. Осы жылы «Халық
бостандығы» партиясына, 1906 жылы оның Орталық комитетінің құрамына кіріп, Омбыдан
шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде редакторлық қызмет
атқарды. 1906 жылы Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде «Халық бостандығы»
партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйлеп, Семей облысы қазақтарының атынан I
Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланғанымен, 1906 жылдың 9 қаңтарында Дала генерал
губернаторының негізсіз жарлығымен саяси қозғалыс көсемі ретінде қамауға алынып, соттың
тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысына қамалады, сол себепті Дума жұмысына қатыса алмайды.
Түрмеден босаса да саяси күрестен бас тартпайды, Санкт-Петербургке жеткенде, патша
үкімімен I Думаның күшпен таратылуына қарсы бағытталған назарылық актісін қабылдау үшін
ұйымдастырылған «Выборг үндеуіне» қол қойып, Финляндияның Выборг қаласына аттанады.
1907 жылдың аяғында сол үшін айыпталып, Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің
шешімімен 3 айға Семей түрмесіне қамалады. 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік
«Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарады. 1908 жылы
абақтыдан босап, Омбыға қайтып оралысымен патша үкіметі Самараға жер аударады. Самарада
ғылыми-шығармашылық жұмыспен ғана айналысуға мәжбүр болады. 1908-1915 жылдары
Самарада тұрып Батыс Қазақстандағы қазақ зиялыларымен бірлесіп, Алаш қозғалысының
жұмысын жалғастырады. 1909-17 жылдар Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істейді.
1912-1917 жылдары кадеттер париясы Орталық комитетінің мүшесі болады. 1913 ж. А.
Байтұрсынов, М. Дулатовтармен бірге бүкілқазақтык, жалпыұлттық баспасөз ұйымы «Қазақ»
газетін шығаруға қатысып, оның жалпыұлттық деңгейге көтерілуіне зор үлес қосады. 1914
жылы Санкт-Петербургте өткен Ресейді мекендейтін 10 мұсылман халықтарының өкілдері
қатысқан Мұсылман съезіне қатысып, Ресей мұсылман халықтарының орыс отаршылдығына