Page 10 - 21kzd_kz
P. 10
Мырзабеков Б. Жұртына жақын Жүрсін ақын // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2011. - 4 ақпан
(№ 5). - 11 б.
Оразалин Н. Кеңістік. Қоғам. Қаламгер / Н. Оразалин, Қ. Ысқақ [және т. б.] // Жұлдыз. -
2012. - № 9. - 3-15 б.
Рахұлы А. Жүрсін ақын жерлестерімен жүздесті // Орталық Қазақстан. - 2011. - 14 маусым
(№ 95). - 4 б., Мысты өңір. - 2011. - 17 маусым (№ 25). - 2 б.
Сарбалаұлы Б. Сібірлеп оянады бір сағыныш: [Жүрсін Ерманның "Алыстан және
жақыннан" атты кітабы туралы] // Қазақ әдебиеті. - 2019. - 18-24 қаңтар (№ 2). - 20-21 б.
Сариев Ш. Жүрсін // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 10 тамыз - 16 тамыз (№ 32). - 5 б.
Сембай М. "Орталықтан" қанаттанған қалам // Орталық Қазақстан. - 2011. - 4 маусым (№
89/90). - 6 б.
Смағұлов Ғ. Жыр арқауы - Қарағанды // Орталық Қазақстан. - 2002. - 6 ақпан. - 8 б.
Тебегенов Т. Сыршыл ақын сырсандығы // Жұлдыз. - 2019. - № 10. - 169-176 б.
Ұлытаудың ұлар ақыны // Дала мен қала. - 2011. - 7 ақпан (№ 5). - 14 б.
8 наурыз 1901 - 1966 Қазақстанның халық
артисі, әнші, қазақ композиторы Манарбек
Ержановтың туғанына 120 жыл
Манарбек Ержанов – әнші, күйші, актер, қазақ ұлттық театр өнерінің негізін
қалаушылардың бірі, ақын Шашубай Қошқарбаевтың әншілік мектебінің дәстүрлерін
жалғастырушы, ҚазКСР халық артисі (1938), Қазақстан композиторлар одағының ең алғашқы
мүшелерінің бірі(1942).
1901 жылы 8 наурыз күні Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әкесі
күйші, зергер, ұста болған. Анасы Нақбала да әншілігімен ауыл арасына танылған.
М.Ержановтың әке-шешесі ерте қайтыс болып, ол жастай жетімдік көреді. Ол жасынан
өзінің еңбегімен күн көреді. Балқаш көлінің Қоңырат жақ бетіне шығып, сонда балық аулап,
байлардың малын бағып, оның ара-арасында үй салу жұмысымен де шұғылданып, әйтеуір күн
көру жолында түрлі-түрлі кәсіптер істейді.
М.Ержанов жас кезінен домбраға, әнге үйір болады. Жас болса да домбыра тартуда тез
арада қолы-қолына жұқпай ауыл адамдарының көзіне түсіп өнерші бала атанады. Дауысы да
әдемі, бір ерекше сарын болды. Оның талабына сол жердегі Күсенбай деген кісі Манарбекке
күй үйретеді. Күсенбайдан үйренген күйлерімен қатар Манарбек әнді де қуып, жасы он беске
таман келгенде сол араның белгілі әншісі болып ауызға ілінеді.
1925 жылы күзге қарсы Манарбек Ержанов Алматы қаласына келеді де, осындағы балалар
үйіне орналасып, оқуға түседі.
1928 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды, осы
театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931 - 32 жылы
Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылы Алматы музыкалық театрында
(қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті. 1933- 1953 жылдары Абай атындағы
Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының солисі.
«Айман-Шолпан» спектакліндегі Жарас, А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің
«Абайындағы» Әзім, М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасындағы» Естай, т.б. рөлдері оның әншілік
әрі артистік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен
әдебиетінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің опералары – «Қыз Жібектегі» Шегенің, «Ер
Тарғындағы» Сақанның, «Жалбырдағы» Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше
ықыласына бөленді.
Ол 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ филармониясында жеке дауыстағы әнші
болып, халықтық ән өнерінде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тынысты әндерді
(«Ардақ», «Ағашаяқ», «Смет», «Топайкөк», «Жанбота», «Балқадиша», «Ақ қайың», «Толыбай»,
«Хорлан», «Ақ сиса», т.б.) нақышына келтіре орындады. Сөйтіп, ұлттық өнердегі Арқа әні
дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды. Ержанов композитор ретінде де халыққа кең танымал.
Оның «Жетісу», «Астанада», «Батыр жорығы», «Күсенбай», «Өрнек», «Шалқар көл»,
«Аққу көлі» күйлері, хорға арналған «Партизан жорығы», «28 гвардияшы-панфиловшылар»,
«Жастар тойы», «Жастар әні», «Бейбітшілік маршы» атты шығармалары, «Паровоз»,
«Амангелді», «Бақыт жыры», «Қуанамын», «Қойшының әні», «Әнші Біржанға», «Сайра,