Page 7 - 21kzd_kz
P. 7
Жүрсін Молдашұлы 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының
Байқоңыр ауылында туған. Әкесі 1943 жылы соғыстан жаралы боп келеді. Жүрсін 1 сыныпқа
барған жылы әкесі қайтыс болады. Әкесінің туған інісі Әбсат Жүрсінді оқытып, жеткізеді.
Анасы еңбек ардагері, 90 жасында қайтыс болады.
1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1982 жылы Алматыдағы жоғары партия
мектебін бітірген. Еңбек жолын Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер
болып бастаған. 1971- 1980 жылдары Жезқазған телевизиясында аға редактор, Бас редактор,
1982 - 1992 жылдары Қазақ республикалық телевидениесінде Бас редактор, 1992-1993 жылдары
«Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақ құс» Қазақстан ауыл жазушылары
республикалық қауымдастығының вице-президенті, кейін президенті, 1994 - 96 жылдары
«Қазақ мемлекеті», «Қазақстан қанаты» газеттерінің Бас редакторы, 1995-1997 жылдары
«Жұлдыз» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі болып істеген.
2003 - 2006 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығында жетекші ғылыми қызметкер-зертхана
меңгерушісі. 2006-2009 жылдары – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары – Қазақ радиосының және Қазақ теледидарының бас директоры
болып қызмет атқарды.
2009 жылдан бастап «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы президентінің
кеңесшісі, «Жарылғап батыр» қорының президенті. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
Құрметті мүшесі (2003 ж.). Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2009 ж.). Қазақстан
Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері,
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, С.Сейфуллиннің 100 жылдығына
арналып өткзілген республикалық ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жанартау» 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді.
Ақындар айтысын жинақтап, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. «Қазіргі.
айтыстар» (2005, Астана, 2 том) жинағын құрастырды. «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға
бардың ба...» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2005), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2007), «Құстың
көлеңкесі» (2008), «Арнадым сізге» (2010), «Алыстан және жақыннан» (2013), «Асыл ажар»
(2014) атты жыр жинақтарының авторы.
Әдебиеттер:
Ерман Ж. Алаш арыстарының сарқыты // Қоғабай Сәрсекеев: 98 шығ. / Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті; ред. Ғ. М. Мұтанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2017.
- 377 б.
Ерман Ж. Алыстан және жақыннан: өлеңдер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем
очерктер, естелік-эсселер. - Алматы: Ан Арыс, 2013. - 383 б.
Ерман Ж. Арнадым сізге. - Алматы: ҚазАқпарат, 2010. - 165 б.
Ерман Ж. Асыл ажар: өлеңдер; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2014. -
374 б. - (Сарыарқа кітапханасы).
Ерман Ж. Гөй-гөй: [естелік-эссе]. - Алматы: Мерей, 2014. - 237 б.
Ерман Ж. Екі тізгін бір шылбыр. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 б.
Ерман Ж. Қаз дауысты Қазыбек ескерткіші // Қаз дауысты Қазыбек би: [жинақ]. 1 т.
Мақалалар жинағы / құраст. М. Хамзин [т. б.]. - Алматы: MEP-PRESS, 2017. - 462 б.
Ерман Ж. Құстың көлеңкесі. Таңдамалы. 70 өлең / Ж. Ерман ; ред. А. Исаева, 2008. - 128 б.
Ерман Ж. Мен жыласам солқылдап, сен де жыла... // Бостандық жырының бозжорғасы:
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы туралы ой-толғамдар / құраст. С.
Сабырбеков. - Астана: Фолиант, 2016. - 136-141 б.
Ерман Ж. Ұларың қайда, Ұлытау?: [өлеңдер]. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 162 б.
Ерман Ж. Ырғай жыр кітабы / Ж. Ерман, 2010. - 159.00 б.
Ерман Жүрсін. Абайға мұң шағу //Жыр тәңірі / құраст. Ғ. Қайырбеков; ред. М.
Жұмағалиев. - Алматы : Өнер, 1995. - 99 б.
Ерман Ж. Шығармалар жинағы: [көптомдық]. - Алматы: Сардар, 2018. - 300 б.
Ерманов Ж. Жанартау [Электрондық ресурс]: жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 1983. - 96
б.
Шапағатты шақ: өлеңдер мен поэмалар / құраст. Ж. Ерманов. - Алматы: Жазушы, 1986. -
239 б.