Page 73 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 73
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл
жер Əбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы,
батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі
кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дəлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл
шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының
қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік
білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей
Қабанбай Шақшақ Жəнібек, , Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып,
үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды.
Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар əскерлерінің қолбасы
Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын
көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты
батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге
ұшырап, одан əрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты əрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан
жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік
Болат ханның баласы жас Əбілмəмбетті қолдады. Бұған наразы болған Əбілқайыр майдан
даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы
Сəмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ
халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы,
Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы
Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
Шəкəрім Құдайбердіұлының жазбаларында тек «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» жылдарының өзінде қазақ халқының санының үштен екісі кемігені туралы мəлімет
бар. Демограф М.Тəтімовтің санағы бойынша 1723 жылы қазақ халқының саны 3 млн. 330
мың болса, 1725 жылы 2 млн. 222 мыңға азайған.
1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ə.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастаған
ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеді. Экспедиция барысында
археологиялық зерттеулер жүргізіліп, географиялық жер атауларына да үлкен мəн берілді.
Балқаш көлінің оңтүстігімен Алакөлге бет алғанда Сұнқайтты (Сұмқайтты) өзені, қазіргі
Жамбыл облысы Тараз қаласының шығысында Əбілқайыр сайы бар. Ал халық ауыз
əдебиетінде бұл жерде жоңғарлар аңырай жеңілген деген мəлімет бар. Археологиялық
зерттеулер барысында сарбаздардың қару-жарағы, ер саймандары көптеп табылды.
1730-шы жылғы жеңістің тарихи маңызы зор болды. Қазақ халқы өз мемлекетінің
тəуелсіздігін сақтап, басып кірген жаудың тас-талқанын шығарып жеңіске жетті.
Жоңғарлармен соғыста ерлік көрсеткен батырлардың, билердің есімдерін ұрпақтары биікке
көтеріп, батырлығын мақтаныш тұтады. Ел қорғаған батырлар ерлігін дастан ететін жырлар
жазылды. Атап айтсақ, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Шақшақ Жəнібек батыр, Қойгелді
батыр, Өтеген батыр тағы басқа. Олардың аты ұранға айналып, ел ардақтайтын аруақты
жандар дəрежесіне көтерілді. Бүгінгі таңда олардың атымен аталатын Қазақстанның əр
қаласында көшелер, мекемелер бар. 1723-30 жылдардағы шайқас қаһармандарының ерлігі
жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ.
Әдебиеттер:
Алаштың ардағы: [елтанымдық жəне тілтанымдық жинақ] / Қазақстан Республикасы
Мəдениет министрлігі, Тіл комитеті ; құраст.: Е. Е. Тілешов, Г. П. Əріпбек. - Астана:
Руханият, 2010. - 263 б.
Аманжолов Қ. Қазақстанның əскери тарихы / К. Аманжолов, А. Тасболатов. - Алматы:
Білім, 1999. - 320 б.
Аңырақай // Прозалық фольклор: Аңыздар / құраст.: Т. Əлбеков, Н. М. Мурсалимова,
А. Оралбек. - 2020. - 81 б.
Аңырақай шайқасы // Қазақ көтерілістері: энциклопедия / Қазақстан Республикасы