Page 21 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 21

Қарағандыда көмір өндіретін ірі кəсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу жəне тамақ
            өнеркəсібі  кəсіпорындары  жұмыс  істейді.  Қалада  көлік,  білім,  ғылым,  мəдениет  жəне
            байланыс кəсіпорындары көп.
                  Қарағанды ғылым, білім, мəдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым
            Академиясының  Орталық  Қазақстан  бөлімшесі,  19  ғылыми-зерттеу  жəне  жобалау
            институттары  орналасқан.  Е.А.  Бөкетов  атындағы  ҚарУ,  Ə.  Сағынов  атындағы  ҚарТУ,
            Қарағанды  медицина  университеті,  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Б.  Бейсенов  атындағы
            Қарағанды Заң академиясы жəне əр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес жоғары
            оқу  орны  жəне  бірнеше  кəсіптік-техникалық  мектептермен  колледждер  жұмыс  істейді.
            Сонымен бірге қалада 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6
            мəдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк,
            спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар.
                  Қаланың білім беру жүйесін 152 мектепке дейінгі, мектеп жəне мектептен тыс тəрбие
            ұйымдары құрайды.
                  Қала  мектептерінде  мүгедек  балаларды  əлеуметтік  қорғау  жəне  оларды  қоғамға
            бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
            жұмыстары ұйымдастырылып, тұтықпа балаларды оқытумен айналысатын 25 логопедиялық
            бекет жұмыс істейді. Тұтықпа балалармен жұмыс істейтін бекет 12 мектепке дейінгі тəрбие
            мекемесінде бар.
                  «SARYARQA» телеарнасы (https://saryarqatv.kz), 5 канал Караганда (https://www.5tv.kz),
            Бірінші  Қарағанды  каналы  (http://1karagandy.kz),  Новое  Телевидение  (https://novoetv.kz)
            телеарналары жұмыс істейді.
                  Қала  аумағында  50-ге  тарта  тарихи  жəне  мəдени  ескерткіштер  бар:  Кеншілердің
            Мəдениет сарайы, Н. Əбдіров атындағы Спорт сарайы, К. Станиславский жəне С. Сейфуллин
            атындағы  драма  театрлары,  «Чайка»  қонақүйі,  Цирк  ғимараты,  «Шахтер»  стадионы,  Н.
            Əбдіров, Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, Ғ. Мұстафин, А. Байжанов, Қ. Сəтбаев, А.
            Құнанбаев,  Қ.  Аманжолов,  Е.  Бөкетов  т.б.  ескерткіштері,  «Кеншілер  даңқы»,  «Мəңгі  алау»
            жауынгер даңқы, Ауғанстанда қайтыс болған қарағандылық жауынгерлерге арналған сəулет-
            мемориалдық ансамблі жəне «Қасым үйі» т.б.
                  Жетекші өнеркəсіп орындары: «Қарағанды-Жылу» ЖШС, «Қарағанды-Жарық» ЖШС,
            «Евразиан Фудс» АҚ, «Қарағанды-Су» ЖШС, «Қарағанды металл конструкциялары заводы-
            Имсталькон» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС т.б.
                  Ауыл  шаруашылық  өнімдерін  ұқсатумен  «Корпорация  Қарағанды-Нан»  ЖШС,
            «Қарағанды  астық  қоры»  ЖАҚ,  «Фирма  Ақнар»  ЖШС,  «Мəди»  ЖШС,  «Фирма  Номад»
            ЖШС,  «Бериев»  ШҚ,  «Қарағанды  сүт  комбинаты»  ЖШС,  «№1Қарағанды  Ет  комбинаты»
            ЖШС, «Тұлпар» ЖШС жəне т.б. айналысады.
                  Индустриальдық  –  инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  қалада
            бірнеше жобалар іске асуда.
                  Əкімшілік – аумақтық құрылымы екі ауданнан тұрады: Қазыбек би атындағы ауданы
            жəне Əлихан Бөкейхан атындағы ауданы
                  Қарағанды қаласының əкімі - Кожухов Мейрам Мұратұлы

                  https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy?lang=kk

                                                         Әдебиеттер:

                  Алыптар  туралы  аңыз:  [Қазақстан  Магниткасы  жөне  Қарағанды  туралы  жинақ].  -
            Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1960. – 266 б.
                  Архив  -  тарихи-мəдени  мұра  қазынасы:  «Қарағанды  облысының  ғылыми-техникалық
            құжаттама  жөніндегі  мемлекеттік  архиві»  КММ  25-жылдығына  орай  облыстық  ғылыми-
            тəжірибелік  конференция  материалдарының  жинағы  /  Қарағанды  облысының  мəдениет,
            архивтер  жəне  құжаттама  басқармасы  ММ,  «Қарағанды  облысының  ғылыми-техникалық
            құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» КММ; баспаға əзірлеген: Т. Т. Аршабеков, Н. З.
            Намазбаева, Р. К. Алжанова. – Қарағанды: TENGRI LTD, 2019. - 211 б.
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26