Page 20 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 20

За коммунистический труд» газет // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
            Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл, 1990. - 203 б.

                                                           ***
                  Əріптесіміздің əңгімесі жинаққа енді // Абай-Ақиқат. - 2012. - 8 желтоқсан (№ 47). - 6 б.
                  Имаш Е. Қуанəлиев пен Иманəлиев // Орталық Қазақстан. - 2016. - 28 маусым. - 4 б.
                  Орымбеков Т. Газет осылай шығады // Абай-Ақиқат. - 2006. - 24 маусым. - 1 б.
                  Смағұлов Ғ. Аудан өмірінің айнасы // Орталық Қазақстан. - 2004. - 3 ақпан. - 8 б.
                  Тойбек А. «Абай-Ақиқат» - аудан жаршысы // Абай-Ақиқат. - 2011. - 25 маусым (№ 25). -
            6-7 б.
                  Тойбек Ж. Ауданның айнасы // Орталық Қазақстан. - 2014.-28 маусым (№ 120/121).- 4 б.
                  Тыныштық Орымбеков: некролог // Абай-Ақиқат. - 2007. - 28 сəуір. - 8 б.

                                                       10  ақпан  1934  -  Қарағанды  қаласының
                                                       құрылғанына 90 жыл

                  Өндірісі дамыған облыстың əкімшілік-орталығы саналатын қала, Петропавл-Шу темір
            жол  бойындағы  ірі  темір  жол  стансасы,  əуе,  автомобиль  қатынасының  торабы  болып
            табылады. Оның іргетасы Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің
            негізінде  қаланған.  Тұрғындары  санының  тез  өсуіне  байланысты  1934  жылы  қалаға,  1936
            жылы облыс орталығына айналды.
                  Қала 1934 жылы 10 ақпанда құрылған.
                  Қарағанды  қаласы  –  Қазақстанның  экономикасы  мен  өнеркəсіп  саласында,
            индустриалды-инновациялық өндірістің дамуында маңызды қала болып табылады. Теміржол
            мен  əуе  жолының  аса  маңызды  торабы,  ғылымы  мен  мəдениеті  дамыған  қала,  көптеген
            туристік-экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы.
                  Шаһар  тарихынан  қысқаша  мəлімет:  Қарағандының  191  жылдық  тарихы  бар.
            Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов
            Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан.
            Орыс кен кəсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре
            бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.
                  Өзінің экономикалық, ғылыми жəне мəдени əлеуеті бойынша Қарағанды Қазақстанның
            жетекші  орындарының  бірін  алады.  Қарағанды  халық  саны  бойынша  Қазақстанның  5-ші
            қаласы. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша халық саны - 504 мың 144 адам.
                  Қала  аумағы  497,8  шаршы  метрді  құрайды.  Қарағандыда  көмір  өңдіретін  ірі
            кəсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу жəне тамақ өнеркəсібі, сондай-ақ көптеген көлік
            жəне байланыс кəсіпорындары істейді.
                  1984 жылы қала өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. 50 жылдық мерейтойына
            орай  Қарағанды  СССР  Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығымен  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен
            марапатталды.
                  Ал  2009  жылы  Қарағанды  қаласы  өзінің  75-жылдық  мерейтойын  ірі  индустриалды,
            ғылыми жəне мəдени орталық болып қарсы алды.
                  Көмірі əлі күнге дейін қаланың дəстүрлі өндірістік маркасы болып саналады. Дегенмен
            қала  шикізаттық  бағыттан  қызмет  көрсету-технологиялық  экономикаға  бет  бұрып  келеді.
            Қазіргі күні Қарағанды көптеген өнеркəсіптік көрсеткіштер бойынша республика көлемінде
            жетекші орындарды алады. Отандық жəне шетелдік инвесторларға тұрақты жұмыс істеудің
            тең жағдайлары жасалған.
                  Экономика  жанданып,  шағын  жəне  орта  бизнесі  нығайды.  Қарағандылықтар
            мүмкіндіктерінің аясы кеңейді. Қаланың көшелері күннен-күнге əдеміленіп, қаланы көркейту
            бойынша  көлемді  жұмыстар  жүргізілуде.  Соңғы  жылдары  өздерінің  пішіндері  бойынша
            қайталанбас көптеген жаңа нысандар Қарағандының көркіне əр берген. Қалада құрылыстар
            салынып,  өсуде.  Алдағы  уақытта  жаңа  құрылыстар  мен  көлемді  нысандар  салу
            жоспарланған. Қарағанды республиканың басты жəне ірі қалаларының бірі – еңбекқор қала.
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25