Page 19 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 19
(№ 15). - 6 б.
Темірболатова К. Айдың аппақ жарығы; ауд. А. Бөкен // Қасым: республикалық əдеби-
қоғамдық журнал. - 2013. - № 5. - 151-161 б.
Хамзин М. Аққудай арлы ақын // Арқа ақшамы. - 2014. - 3 сəуір (№ 13). – 8 б.
2 ақпан 1974 - Абай аудандық «Абай-Ақиқат»
газетіне 50 жыл
Абай ауданы құрылғанға дейін Абай қаласында жергілікті газет болған емес.
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі жергілікті радионың еншісінде болды.
1997 жылы қала тұрғындарына бұрынғы Мичурин ауданының «Народная трибуна»
газеті келіп жүрді, 10 қарашада оның атауы «Абайский вестник» болып өзгертілді.
Абай аудандық газеті (редакциясы, Абай қаласы 3 ш. а., 42 үй) 1974 жылдан шығып
келеді.
Бастапқыда «За коммунистический труд» деп аталды. Құрылтайшысы – Мичурин
аудандық партия комитеті мен аудандық атқару органы болды. Газеттің шекесінде
«Пролетарий всех стран, соединянтесь!» («Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!») деген
сол уақыт адамдарының ұртынан түспеген ұран сөз жазылды. Мекен-жайы - Мичурии
ауданы, Николаева-Терешкова көшесі 3-ші үйде орналасты. Мичурин аудандық баспа ісі,
полиграфия жəне кітап саудасы басқармасы баспаханасында басылып отырған. 0,5
форматпен - 4 жəне 6 беттен аптасына 3 рет шыққан. Мерекелік сандары ғана боялған, ал
негізінен тəртіпке сай қаріптері қара түспен жазылған. Сол кездегі баспа жүйесі бойынша
газет линотиппен теріліп, қорғасын қалыпқа құйылған. Уақыт өте келе редакцияның
«Каскад» фотоаппаратурасында жинақталып, АПД-1200 «Сбор» байланыс арнасы арқылы
Қарағандыға жіберілетін. Онда офсеттік тəсілмен «Офсет» баспа техникасында басылған.
Алғашқы таралымы - 2475 дана болып тараған. 1975 жылы газет таралымы – 3500
данаға дейін өткен екен. Кеңес үкіметі кезінде дүниеге келген «За коммунистический»
газетінің тілі де орыс тілінде болды.
Аудандық газеттің алғашқы қазығын қағып, кірпішін қалаған журналистер -
редакторлар Ю. Панов, М. Сикордин, Н. Михина, М. Пропенко, Ж. Иманəлиев пен A.
Қуанəлиевтер. Бірінші редакторы B.Г. Баландин.
Тəуелсіздік алғаннан кейін ғана барып, біртіндеп қазақ тілі қосылды. Бүгінгі таңда газет
қазақ жəне орыс тілде жарық көреді.
1992 жылы желтоқсан айының 12-сі күнгі №48 (2953) бастап газеттің атауы «Народная
трибуна» болып өзгертілді. Осы жылы «Аудандағы Алаш жұртына арналған арнаулы бет»
деген жалынды сөзбен алғаш қазақ тілінде «Шамшырақ» беті жарық көрді.
1997 жылы Мичурин ауданы Абай қаласына қосылып, Абай ауданына құрылуына
байланысты, Абай ауданы əкімінің үкімімен «Народная трибуна» атауын 1997 жылы 10
қараша күні «Абайский вестник» деп өзгертті. Редактордың міндетін Г. Ахметбекова атқарды.
Аз уақыттан соң аудандағы тіл жанашырларының газетке қазақша атау беру, қазақ тіліндегі
мақалалар қатарын ұлғайту туралы толағай талап-тілектерінен кейін газетке 2001 жылы
«Абай-Ақиқат» деген атау берілді. «Абай –Ақиқат» газетінің тұңғыш редакторы Бағдат
Қалиəкпарұлы Мекей болды.
«Абай-ақиқат» аудандық газеті - билік органдары мен аудан халқы арасындағы сенімді
байланыстырушы буын. Ол аудандағы маңызды оқиғалардың жылнамасын жүргізуші рөлін
орындайды. Газеттің құрылтайшысы – Абай ауданының əкімдігі.
Газет редакцияда теріліп, беттеліп, «Арко» ЖШС баспаханасында басылады. Таралымы
2000 дана. Директоры Құрманғазы Өтебай, Бас редакторы Бақтыгүл Есеева.
Мекен жайы:
Қарағанды облысы, Абай қаласы,
3ықшам аудан №42 үй.
Әдебиеттер:
«Абай-Ақиқат» Абай аудандық газеті // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 84 б.