Page 25 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 25

Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай
            ауданына  қарасты  «Қызыларай»  ауылында  туған.  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің
            филология факультетін 1972 жылы бітірген.
                  Шығармашылық еңбек жолын Қарағанды облыстық теле-радио комитетінде редактор
            болып  бастаған.  Оның  қаламынан  туған  мақалалар  мен  очерктер,  əңгімелер,  əзіл-ысқақтар
            кезінде  республикалық  мерзімдік  басылымдарда  үзбей  жарияланып  тұрды.  Көптеген
            кітаптардың авторы. Солардың ішінен милиция өміріне «Өкініш» (орыс тілінде) «Визитка»
            атты əңгімелер мен очерктер жинағын «Адамша кел» əзіл ысқақа əңгімелерін, «Ауылымды
            аңсадым» Өлеңдер жинағын, облыстың экологиялық мəселелеріне арналған  «Сарыарқаның
            самалы» атты жинақты, орыс тілінен аударған «Алтай ертегілері» атты кітапты, «Кездесу»
            атты повестер мен əңгімелерді, «Ақбақайдың ала қабы» атты əзіл ысқақатар кітабын атауға
            болады. Ақтоғай ауданының білім саласының тарихына арналған.  «Білімнің қия жолында»
            атты кітап құрастырды жəне оның жауапты редакторы болды. Кейіннен «Тəртіп сақшылары»
            -«На  страже  порядке»  əңгімелері  мен  очерктерін  «Азаматым-ардағым»,  «Азаматым-
            асқарым»  деп  аталған  порттреттер  кітабын  жариялады.  Социалистік  Еңбек  Ері
            С.Тоқымтаевтың атынан «Өнімді еңбек көздері» деген кітапша (1981 ж.) шығарды. «Жалын»
            баспасынан  (1989  ж.)  эстон  жазушысы  Эллен  Нийттің  «Пилле-Рийн»  атты  балаларға
            арналған кітапшасын аударып бастырды. Той басқаратын асабаларға арналған «Ақ босаға»
            атты  кітапша  құрастырып  шығарды.  Қарағанды  облысының  тілдерді  оқыту  орталығы
            «Əлемдік  əдебиетті  қазақ  тіліне  аудару»  арнайы  жоба  аясында  əйгілі  италияндық  жазушы
            Марио Пьюзоның «Өкіл əке» кітабын (Қарағанды, 2022 ж.) аударды.
                  1980 – 2013 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жұмыс істеді. 2013-2014
            жылдары қалалық «Взгляд на события» газетінде жұмыс істеді.
                  Жазушының мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек еткен «Орталық
            Қазақстан» газетінде үзбей жарияланып тұрады.
                  Қазақстанның  мəдениет  қайраткері  (2004),  Қазақстанның  құрметті  журналисі,  облыс
            əкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері, зейнеткер.

                                                      Әдебиеттер:
                  Алтай ертегілері / орыс тіл. ауд. С. Жанысбай. - Алматы: ҚазАқпарат, 2009. - 231 б.
                  Əділет  сардары:  Қазақстан  Республикасы  прокуратурасының  Құрметті  қызметкері,
            прокуратура  ардагері  Қазкен  Мүсілімов  туралы  кітап  /  ред.  С.  Жанысбай.  -  Қарағанды:
            Болашақ-Баспа, 2008. - 107 б.
                  Ел аузынан /С. Жанысбаевтың материалдары пайдаланылды/.- Алматы: Жалын, 1989.-
            368 б.
                  Жанысбаев С. Адамша кел: сықақ əңгімелер / С. Жанысбаев, Д. Қалымов, Б. Кірісбаев. -
            Алматы: Жалын, 1991. - 205 б.
                  Жанысбаев С. Алау отты ауыздықтаған // Құрыш қолтаңба.- Алматы, 1983.- 7-20 б.
                  Жанысбаев  С.  Взятка:  (рассказы,  очерки,  статьи  и  беседы  о  работе  милиции)  /  С.
            Жанысбаев; перевод М. Хасенова. - Караганда: Арко, 1997. - 124 с.
                  Жанысбаев С. Қуанғаным-ай: Қайнағам келеді // Көңілді көшенің жігіттері.- Алматы,
            1981.- 62-67 б.
                  Жанысбай С. Азаматым-ардағым. - Қарағанды: Арко, 2013. - 254 б.
                  Жанысбай С. Азаматым-асқарым. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2013. - 259 б.
                  Жанысбай  С.  Ақабайдың  ала  қабы:  əзіл-оспақ,  сын-сықақ,  фельетондар.  -  Алматы:
            Астана баспасы, 2009. - 230 б.
                  Жанысбай  С.  Ақтоғай  -  арыстар  мекені:  портреттер,  сұхбаттар,  əзілдер,  өлеңдер.  -
            Қарағанды: TENGRI LTD, 2015. - 290 б.
                  Жанысбай С. Алаштың «Арглабині» əлемге əйгілі // Сарыарқа тəуелсіздік жылдарында
            = Сарыарка в годы Независимости / Қарағанды облысының əкімдігі; құраст. А. Жанғожин. -
            Астана: Фолиант, 2014. – 84-91 б.
                  Жанысбай  С.  Жаңалық  желін  жеткізіп  еді  //  Нұрмахан  Оразбек:  ой-толғаныстар  мен
            естелік-əңгімелер / құраст. Г. Оразалықызы. - Алматы: Қазақстан, 2017. - 290-291 б.
                  Жанысбай  С.  Кездесу:  повестер  мен  əңгімелер  /ред.  Т.  Б.  Ахметжанова.  -  Астана:
            Астана полиграфия АҚ, 2007. - 212 б.
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30