Page 16 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 16
Бейсембеков Т. Айрықша дарын иесі // Шет шұғыласы. - 2019. - 31 қаңтар (№ 5). - 3 б.
Едіге орысша сөйледі // Орталық Қазақстан. - 2020. - 24 қыркүйек (№ 104). - 6 б.
Игенұлы Б. Абыз ағамен бір сапар // Шет шұғыласы. - 2021. - 4 қараша (№ 44). - 5 б.
Кəмел Жүністегі // Орталық Қазақстан. - 2023. - 4 ақпан (№ 14). - 7 б.
Кəмел Жүністегі // Шет шұғыласы. - 2023. - 9 ақпан (№ 6). - 4 б.
Кəмели Д. Алтай аңыздары // Орталық Қазақстан. - 2022. - 20 желтоқсан (№ 141). - 3 б.
Кəріпұлы Ө. Кəмел Жүністегінің сексеніне // Шет шұғыласы.-2019.-14 ақпан. - 3 б.
Көгілдір күмбез // Шет шұғыласы. - 2017. - 18 мамыр (№ 20). - 1 б.
Қарағанды университетінде Мұң қосбасар жинағы таныстырылып, Күй тартыс - 2020
байқауының жеңімпаздары марапатталды // Арқа ақшамы. - 2020. - 26 қараша (№ 43). - 5 б.
Қорым сырты қоршалды // Шет шұғыласы. - 2020. - 20 тамыз (№ 34). - 3 б.
Мұхамедияұлы И. Жазушымен кездесу өтті // Шет шұғыласы. - 2019. - 26 қыркүйек (№
39). - 8 б.
Шалқар Ж. Тəшенов жүлдесі - үздіктерде // Орталық Қазақстан. - 2022. - 29 желтоқсан
(№ 145). - 1 б.
Ысқақ А. Торқалы тойға тарту // Орталық Қазақстан. - 2018.-13 қыркүйек (№ 101). - 5 б.
1 ақпан 1949 - ақын, Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі Абзал Бөкеннің туғанына 75
жыл
1949 жылдың 1- ақпанында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, қазіргі Нарманбет
ауылында дүниеге келген. Сегіз жылдық мектепті осында бітіріп, орта білімді Балқаш
қаласындағы Абай атындағы мектепте 1966 жылы тамамдады. Бұдан кейін ауылда екі
жылдай əртүрлі жұмыстар атқарды. Осы кезде алғашқы балауса жырларын баптап, оны
аудандық «Арқа еңбеккері», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде жариялады.
Жас ақынның тұңғыш өлеңі 1966 жылы «Арқа еңбеккері» газетінде «Уақыт» деген
атпен жарық көрді. 1968 жылы ол Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының
филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы университет дипломымен аяқтап
шықты. Осы жылы республикалық «Жалын» альманағында «Арайлы таңдар» атты
тақырыппен топтама жырлары жарияланып, іле облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне
қызметке қабылданды. Мұнда журналистік қаламын ұштап, көптеген жыр-толғауларын
туындатты.
А. Бөкен 1973 – 1977 жылдары туған ауылы Қарасуда ұстаздық қызметте болды. 1977
жылы орталығы Балқаш қаласы маңында орналасып, жаңадан құрылған Приозерный
ауданының қарамағына жіберіліп, осында ашылған «Ленин жолы» - «Ленинский путь»
газеттерінде тоғыз жыл тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары
қызметтерін атқарды.
1985 жылы Алматыға қызмет орайымен ауысып, алғашында «Жалын» баспасында
(1985 – 1987 ж.), кейін республикалық «Социалистік Қазақстан» (1987 – 1991 ж.), «Парасат»
(1991 – 1992 ж.), еларалық «Заман –Қазақстан» (1992 –1994 ж.), халықаралық «Түркістан»
(1994 –1997 ж.) атты газет-журналдарда қалам қызметінде болды. Абзал Бөкен бірнеше мəрте
республикалық жəне одақтық жас жазушылар кеңесіне қатысып, сол кездегі ең беделді
«Жалын» жабық конкурсында «Сейіткүл» атты поэмасымен жүлдегер атанды (1977 ж.).
Ақынның тұңғыш кітабы «Бастау» сериясымен 1979 жылы «Жалын» баспасынан
жарық көрді. Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Əлімбаев «Қазақ əдебиеті»
газетінде (1980 ж.) жоғары баға берді. Бұдан кейін автордың – «Жүрек толқындары»
(ұжымдық жинақ) (1984 ж.), «Жалғыз желкен» (1986 ж.), «Разбег» (орысша ұжымдық жинақ)
(1986 ж.), «Ғасыр қанатында» (1988 ж.), «Салбуырын» (1991 ж.), «Сүмбіле» (1992 ж), «Шың
мен шыңырау» (1999ж.), «Төр» (2009 ж.), «Шың» (2014 ж.), «Тəж» (2016 ж.) жəне «Уыт»
(2018 ж.), «Тақ» (2021ж.), «Қаракөк» (2022 ж.) атты жыр кітаптары оқырман қолына тиді.
Ақын арагідік аударма өнеріне де атсалысып, Тимур Кодзоев, Шайхи Арсанукаев
секілді чечен-ингуш ақындары мен Украин һəм СССР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты
Платон Воронько бастаған Микола Лукиев, Дмитро Павлычко, Валентина Кузьменко жəне
жиырма жасында ұлылығын мойындатқан монғолдың өр ақыны Очирбатын Дашбалдар
сынды шайыр шығармаларын ана тілімізге аударып, «Қазақ əдебиеті», «Егемен Қазақстан»