Page 11 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 11
Тойбек Ж. Əріптесіміз – «Ұлт мақтанышы» // Орталық Қазақстан. - 2015. - 17 қаңтар
(№ 5). - 1 б.
ҚР Халық əртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының
иегері, əнші Мақпал Мұхамедиярқызы
Жүнісованың туғанына 60 жыл
Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Теректі ауылында
дүниеге келген. Əкесі Мұхамедияр Мақпалды 3-сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне
береді. Осы мектептен музыкалық білім алады. 4-сыныпта оқып жүргенінде Симферополь
жəне Ялта қаласында өткізілген балалар байқауында қазылар алқасының көзіне түседі. 5-
сыныпта оқып жүрген шағында мектебіне Алматыдан журналистер келіп, оның дауысын
арнайы құрылғыға жазып алуға ниет білдіреді. Алғаш осы кезде дауысы үнтаспаға жазылып,
ол Алматы радиосы арқылы республиканың барша аймақтарына тарайды. Осыдан кейін əнші
қазан айында Алматыға шақырту алып, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке
орналасады.
Аталған мектепте қобыз бен домбырада ойнауды үйренеді. 1981 жылдың қыркүйек
айынан бастап «Гүлдер» ансамбліне қабылданып, осы жерде тоғыз жыл бойы əнші болып
жүреді.
1989 жылы Шымкент қаласындағы мəдениет институтын тəмамдады. Осы жылы əнші
«Қазақконцерт» бірлестігіне ауысып, көп жылдар осында қызмет етеді. Аталған бірлестікте
жұмыс істеп жүріп, 1989 жылы «Азия дауысы» байқауының жүлдегері атанады. 1988 жылы
Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «музыка-драма» бөлімін тəмамдайды.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22
жасында Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, 31 жасында Қазақстанның халық əртісі атанды
(1994). 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при
иеленіп, КСРО-ның ең үздік əйел əншілерінің үздік ондығы кіріп, үлкен танымалдылыққа ие
болды. Қарағанды облысының құрметті азаматы (2002 ж.), Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен
Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеттің профессоры (1996), ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері (2004), «Тарлан» тəуелсіз сыйлығының лауреаты(2005), «Алтын
микрафон» статуэткасы жəне «Сахна ханымы» атағының жеңімпазы (2014).
2013 жылы Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Франция, Индия
мемлекеттерінде концерттік турне өткізді.
Мақпал Жүнісованың құрметіне «Мақпал» сəн үйлері жүйесі ашылды.
Əншінің көптеген əні тыңдарман жүрегінен орын алып үлгереді. Олар— «Аққу сазы»,
«Армандастар», «Ғашық жүрек», «Екі жұлдыз», «Еркетайым», «Жан ана», «Көздеріңе
ғашықпын», «Мəңгілік сағыныш» жəне т.б.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Еркін, демократиялық, өркендеген,
бақытты көп миллиондаған, бай, «тоқ», жастарының болашағы кең Қазақстан.
Сүйіп оқитын əдебиеті - поэзия.
Отбасы: қызы - Мерей Заманбекқызы.
Әдебиеттер:
Жүнісова М. Естелік // Рабилова З. Ж. Жолаушы = Zholaushy: [жинақ]. - Алматы:
Атамұра, 2010. – 116-117 б.
***
Жүнісова М. «Ауылда тұру – арманым» / сұхбаттасқан Г. Дүйсенқызы // Қазақстан
əйелдері. - 2011. - № 1. - 23-26 б.
Жүнісова М. Əрқашанда халқыммен бірге болуға уəде етемін! // Жұлдыздар отбасы. -
2014. - № 2. - 13 б.
Жүнісова М. «Басқа мемлекетке кетеміз бе» деген ой бар...: сұхбат / сұхбаттасқан С.
Сыбанбай // Жас Алаш. - 2004. - №146. - 1-3 б.
Жүнісова М. Бұл сырымды бірінші рет айтып отырмын / əңгім. Ш.Мұқан // Жас Алаш. -
2006. - №18. - 2 б.
Жүнісова М. «Бүкіл албандықтар - Мерейімді туғанындай сыйлайды...» // Жұлдызбен