Page 55 - 2023_kzd
P. 55

1993  жылға  дейін  облыстық  телевизияда  шығармашылық  және  техникалық  тұрғыда  өз
            алдарына  дербес  екі  жүйе  болдлы.  Кейін  олардың  біріктірілуі  жұмысты  алға  бастыруға  жол
            ашты.
                  Облыстағы ең байырғы студия «Қазақстан-Қарағанды» ТАК болып табылады. Хабардың
            жалпы  көлемі  тәулігіне  35  сағат,  жергілікті  телевизия  хабарлары  жылына  438  сағат,  облыс
            халқының  97,2%  телевизия  хабарларын  тамашалады  (1985).  №1,  №9  және  №12  каналдарда
            жұмыс  істейтін  хабар  тартқыш  аппаратура  Теміртау  қаласында  және  облыстың  ауылдық
            аудандарында  орнатылған.  1991  жылдары  Телевизия  және  радиохабарларын  тарату  комитеті
            Телерадиокомпания болып қайта құрылды. Телерадиоорталық пен телерадиокомпания бірегей
            телерадиохабары  торабына  бірікті.  1992  жылы  облыстық  телерадиокомпания  базасында
            тұңғыш  «Комтек»  телеканалы  құрылды,  телерадиокомпания  жиілігінде  «Сарыарқа»  жеке
            меншік телекомпаниясы эфирге шығып тұрды. 2006 жылдың сәуіріне дейін облыста 17 эфирлік
            және 11 кабельдік телекомпания жұмыс істеді, оның ішінде облысқа хабар тарататындары «5
            канал», ТК «ТВ-АРТ», ТК «31 канал – Қарағанды».
                  2000 жылы телеарна тікелей эфир жүйесін қолданысқа енгізе бастады. Жергілікті халық
            Елбасының қатысуымен Қарағандыда өткен Президенттік шыршаны тамашалады.
                  2003 жылы спутниктік жүйе арқылы облыстың барлық аймағын бір сағаттық ақпаратпен
            қамту мақсатында «КАТЕЛКО» қабылдау-тарату станциясы іске қосылды.
                  2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жазғы театр ғимараты
            алдында қала тұрғындары және кеншілермен болған сұхбаты тікелей эфир арқылы көрерменге
            жол тартты.
                  2007 жылы Қарағандыда Қазақ телевизиясының 50 жылдығына арналған республикалық
            аймақтық  «Дидар»  телефестивалінің  алғашқы  тұсаукесері  болды.  Оған  Қарағанды,  Ақмола,
            Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  телевизия  өкілдері  қатысты.  Байқауда
            «Қазақстан-Қарағанды»  телеарнасының  «Теледидар  –  менің  тағдырым»  хабары  жеңімпаз  деп
            танылса,  «Алтын аймақ адамдары» аталымы бойынша  «Архивы будущего» деректі фильмі  ІІ
            орынды иеленді. Қазақ телевизиясының 50 жылдығына арналған көрме сайысында Қарағанды
            телеарнасы үздік деп танылды.
                  2008 жылы Қарағанды облыстық телевизиясына 50 жыл толды. Жарты ғасырлық  уақыт
            аралығында жемісті қызмет етіп, телеарна жұмысына елеулі үлес қосқан 50-ге тарта қызметкер
            әр  түрлі     марапаттарға  ие  болды.        Ерекше  марапаттардың  арасында           «Қазақстан
            Республикасының  Мәдениет  қайраткері»  атағын  алғандар  бар.  10-ға  тарта  журналистер,
            режиссерлер мен телеоператорлар облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын иеленді.
                  2011  жылы  –  «Sinegy»  лентасыз  өндіру  жүйесі  қолданысқа  енгізілді.  Ол
            бейнематериалдарды  шексіз  мөлшерде  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Мұрағатты  ыңғайлы  іздеу
            жүйесімен қамтылған, монтаж жүйесі жеңілдетілді, ең бастысы - эфир таралымы кассетасыз.
                  2012-2013 жылдың телемаусымында «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы эфирінде 30-дан
            астам  өзіндік  хабары  қазақ  және  орыс  тілдерінде  эфирге  шығады.  Тәулігіне  14  сағат  хабар
            тарататын арна өнімдерінің 60 пайыздан астамы – облыстық филиалдың өзіндік туындылары.
                  «SARYARQA» телеарнасының таралым сеткасында әр түрлі жанрда отыздан астам қазақ
            және орыс тіліндегі  хабарлар бар. Мәселен,  кішкентай бүлдіршіндерге арналған  «Қуырмаш»,
            «Уақыт.kz»  ток-шоулары,  айшықты  тақырыпты  қозғайтын  «ДАТ»,  ұлттық  құндылықты
            ұлықтаған «Мәдени мұра» бағдарламалары талайдың үддесінен шығып келеді. Көрермендерге
            күніне 6 мәрте ұсынылатын «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасы да 3 рет тікелей эфирге
            шығады.
                  Цифрландыру заманының сиқырлы әлемі телевизия саласына да еніп, жұмысын түбегейлі
            өзгертті. Бұрын соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып құралдар арқылы ақпаратты жедел әрі
            сапалы  тарату  арқылы  «SARYARQA»  телеарнасы  қазір  таспа  жүйесінен  толық  арылып,
            «Cinegy» бағдарламасына көшкен.
                  «QAZAQSTAN»  Ұлттық  арнасының  14  филиалы  арасынан  алғашқылардың  бірі  болып,
            таспасыз «Cinegy» бағдарламасына көшкен телеарна бейнекассетадан арылып, құн- «Хочу все
            знать», қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық «Талғам мен таным», «Расскажем и

                                                             55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60