Page 60 - 2023_kzd
P. 60
соң Жезқазған «Степлагінде» (Дала лагері) азап шегіп жүргенде бостандық алады. 1956 жылы
17 қарашада ақталады (кейбір деректерде 1956 жылдың тамызында лагерден босатылды).
Еліне аман – есен оралған соң Махмет Темірұлы 1956 жылдан былай қарай зейнеткерлікке
шыққанша Нұра ауданының Көбетей ауылындағы орта мектепте ағылшын, неміс тілдерінен
дәріс берді.
Махмет Темірұлының шығармашылық еңбегі 1987 жылы басталды. Кеш бастаған себебі
ол аңдуда болды. Кейін де әбден ақталып қолына қалам алып, жазуға отырған Махмет
Темірұлы ештеңеден құр қалмады. Оның жүрегін толқытқан ойлары,аңыз-толғау
мысалдары,поэмалар мен дастандары аудандық, облыстық газеттерде, Қазақстан
жазушыларының әдеби-көркем, қоғамдық саяси, аймақтық «Сарыарқа» журналында
жарияланды. 1996, 1998, 2000 жылдары үш бірдей кітабы: «Қилы кезеңдер» - дастандар мен
поэмалар, «Арман мен азап»- естелік және «Қуан қазақ азаттық алғанына» - өлеңдер жинағын
жарыққа шығарды.
2006 жылы Махмет Теміұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.
Сібірдегі жан түршігерлік лагерь хикаясын ол өзінің «Арман мен азап» деген естелігінде
баяндайды. Мұнда біз бір ғана ақын тағдыры емес, бүкіл қазақ елінің тағдырын, сол кезде опат
болған бар халықтың тағдырын айнымай танимыз. Жалпы ақынның көп еңбегі сол азапты
жылдарға арналған. Сонымен бірге халық тағдыры да, ақынның поэзиясынан берік орын алған.
Әсіресе, 1932 жылғы ашаршылық, халық басына түскен нәубет ақынды қатты толғандырды.
Қазақ еліндегі бұл қасірет, мешін жылы болған еді. Осы бір тарихта қалған күйзеліске ол
«Мешкей мешін» деген поэмасын арнады.
Ақын поэзиясының әлемі әр түрлі тақырыптарды қозғайды, оларға мән беріп, өзінің ой-
пікірін қосады. Мысалы «Аққуды атқан- азалы» поэмасында Махмет Темірұлы шынайы
махаббат пен достықты жырласа, « Жандар батыр» деген дастанында халық жанашыры Жандар
ертедегі эпостардың бас кейіпкерлері тәрізді өзінің батылдық қасиетімен бейнеленіп, қалың
жұрттың құрметіне бөленген. Сонымен бірге «Аққуды атпас болар», «Тілеймін бақыт
халқыма», «Кенейханның қайғысы» деген көлемді толғаулармен жұртшылық кенінен таныс.
Махмет Теміұлының лирикаға толы өлеңдері де баршылық. Олар: «Ауыл таңы», «Аққулы
көлде», «Көбетей тойы» «Баянды бақыт қонсын қазағыма» «Көңіл күйлері». Өлеңдері тілге
жеңіл, терең ойлы, тебіреніске толы шындықпен үндескен. Поэмаларында, толғауларында,
лирикалық өлеңдерінде ақын халық поэзиясының жақсы үлгілерін дамыта түседі, ойлы
сөздер,жаңа теңеулер қолданады.Талай өлеңдері мен поэмаларын қарша боратып жазушының
өзі көпшіліктің көкейкесті арманымен сабақтасып жататыны бір ғанибет.
М.Темірұлы 2014 жылы 5 желтоқсанда 91 жасында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Махмет Темірұлы Қазақ батыры // Көңіл күмбірі: ұжымдық жинақ / Қарағанды
облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов. - Астана : Фолиант, 2014. – 337-396 б.
Темірұлы М. Аждаһаны ауыздықтаған баһадүр // Текті тұлға Жұмабек Ташенов: [жинақ] /
құраст.: С. Жұмағұл, А. Жұмағұл. - Қарағанды: TENGRI, 2021. - 7 б.
Темірұлы М. Арман мен азап: Естелік. Алматы: Санат, 1998.- 160 б.
Темірұлы М. Қуан қазақ азаттық алғаныңа. - Қарағанды: Санат, 2002. - 176 б.
Темірұлы М. Алаш арыстары // Нұра ақындары. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. – 80-
161 б.
***
Темірұлы М. "Алаш" идеясы және "Есеп" партиясы: жазушы М. Темірұлымен сұхбат /
сұхбаттасқан Е. Смайыл // Қазақстан ZАМАN. - 2016. - 17 наурыз (№ 11/12). - 14 б.
Темірұлы М. Азаттық жемістері // Орталық Қазақстан. - 2013. - 30 қараша (№ 209/210). - 4
б.
Темірұлы М. Астана - алаш көркі Темірұлы // Нұра. - 2012. - 6 шілде (№ 26). - 3 б.
Темірұлы М. Ауылдан ұшқан ақиық // Нұра. - 2010. - 27 наурыз (№ 13). - 2 б.
Темірұлы М. Біздің Нұра //Нұра.- Киевка, 2008.- 26 қаңтар.
60