Page 102 - kzd
P. 102
Кейінгі жылдары театырдың бас режиссері Әлімбек Оразбеков келгеннен бері театр
репертуарындағы көптеген спектакльдер талай сынақтар мен фестивальдарда жүлделі орындар
жеңіп алған. Жезқазған қаласында өткен Ж.Жабаевтың мерейтойы құрметіне өткізілген
байқауда «Бір түп алам ағашы» (авторы Ә.Оразбеков) бірінші орынды жеңіп алса, М.Әуезовтің
мерейтойы құрметіне арналған 17 театр қатысқан халықаралық фестивальде «Қорғансыздың
күні» екінші орынды жеңіп алды. Ал Қарағандыда өткен VI республикалық фестивальде
Г.Гориннің «Атың шықпаса…» спектаклі гран-прийге ие болды.
2000 жылы Ғ.Ғаппаровтың «Қиямет–қайым Киота» спектаклімен Каир қаласына өнер
сапарымен болып қайтты. Шетелді көрермендер спектакльдің қойылу шеберлігіне, режиссердің
тапқырлығына тәнті болды, үлкен абырой – атақпен оралды. Осы спектакль Павлодарда өткен
VII өнер фестивалінде 1 орынды жеңіп алды. Соңғы жылдары ішінде қол жеткізген мұндай
табыстар, әрине, мақтауға тұрарлық..
Өнерін ел мойындаған, жылдан-жылға шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейге
көтерілген дарынды Д.Еспаев, Б.Мақсұтова, Б.Әукешова т.б. сияқты жастарды атауға болады.
Өзіндік дәстүрлі, өнер мектебі қалыптасқан киелі шаңырақ тоқсаныншы жылдар, осы
жаңа ғасыр тоғысындағы шығармашылық ізденістеріне ой көзімен қараған көзі қарақты
көрермен театырдың сахнадағы салиқалы болмыс–бітіміне тәнті болмай қоймайды. Осы
жылдар ішінде ол жеті рет республикалық фестивальдің жүлдегері атанды. Р.Баймағамбетов,
Қ.Кемелов, М.Қисықов, С.Жұмағалиев, Ж.Жансүгірова секілді сахна саңлақтарының есімі
бүгінде республика жұртшығына кеңінен мәһүр.
Осы театрдағы бас суретші Қанат Мақсұтов республикадағы ең маңдайалды суретші.
Оның алтын саусағынан шыққан туындылары кез-келген қойылымға жан бітіріп жібереді.
Сонымен қатар театрда көрерменге жасаған еңбегі көріне бермейтін, бірақ олардың қызметінсіз
қойылымның сәні кірмейтін қызметкерлер бар. Олар: музыка, жарық беруші, киім тігуші,
әбзелдер әзірлеу, ағаш өңдеу цехында еңбек етушілер.
Театр ғимаратын тұрғызу 2006 жылы оның алғашқы кірпішін қалаған Елбасының белсенді
көмегі мен қолдауы арқасында іске асырылды. Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2008 жылғы 8-9
желтоқсанындағы Қарағандыға келген іссапарының маңызды оқиғасы Елбасының С.Сейфуллин
атындағы қазақ драма тетрының жаңа ғимаратын ашуы болды. Ашылу салтанатында
М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» прьемарасын қойды.
ХХ ғасырдың аяғы - ХХІ ғасырдың басында театр Қ.Жұмабеков, А.Оразбеков, М.Әуезов, Ч.Айтматов, Г.Горин,
М.Гаппаров, С.Разумовский және басқалардың қойылымдарын қойды.
Театр ұжымы қашанда ізденісте жүреді, көркем шығармашылық деңгейі жылдан-жыдға
артып келеді, әртістер спектакльдерде шынайылықты терең әрі жан-жақты көрсетуге тырысады.
Қарағанды облыстық қазақ драма театрының барлық жетістіктері мен еңбектері бағаланып,
жоғары бағаланды. 2019 жылдың 25 қазанында театрға «академиялық»мәртебесі берілді.
С. Сейфуллин атындағы театр бүгінде Қазақстандағы жетекші театрлардың бірі болып
қала береді. Театр сахнасында қазақ, орыс және шетел авторларының шығармалары қойылды.
https://sakenteatry.kz/?lang=ru - Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма
театры. С. Сейфуллин
kk.wikipedia.org/wiki/Сәкен_Сейфуллин_атындағы_драма_театры
http://karaganda-region.gov.kz/kaz/news/2519
http://karkultura.gov.kz/kaz/index.php?id=1&kid=33
Әдебиеттер:
Жұмағали С. Арқадағы киелі өнер шаңырағы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 198 б.
Жұмашев Р. М. Қарағанды театры // Сарыарқа мәдениеті: монография / Р. М. Жұмашев,
Л. Р. Золотарева, Қ. С. Өскембаев; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облыстық
Мәдениет басқармасы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2009. – 142-235 б.
Қуандықов Қ. Отыз жылдың жемісі: /Қарағанды обл. театрынын өсу жолы/ // Театрда
туған ойлар. -Алматы. - 1972. - 169-204 б.
102