Page 35 - kzd
P. 35
Махмұтова Д. Қоңырат кенін ашқан ғалым // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қараша (№
133). - 7 б.
Мысты шаһар дамуы - айрықша назарда // Орталық Қазақстан. - 2019. - 19 қазан. (№ 116).
- 2 б.
Мысты шаһар дамуы - айрықша назарда // Орталық Қазақстан. - 2019. - 19 қазан. (№ 116).
- 2 б.
Мысты шаһардағы мурал // Орталық Қазақстан. - 2020. - 15 қыркүйек (№ 100). - 6 б.
Өмірбек Е. Тарихқа тағылым, өткенге тағзым // AQTOǴAI AJARY. - 2020. - 26 маусым (№
25). - 5 б.
Попов Ю. Г. Балқаш болысының басшылары мен билері: 1878 -1919 жылдар / Ю. Г.
Попов, С. Оспанов, С. Әлиұлы // Қарқаралы. - 2007. - 13 қаңтар. - 6 б.
Рамазанұлы Қ. Уық // Орталық Қазақстан. - 2017. - 30 мамыр (№ 58). - 5 б.
Сардарбек К. Ы. Ұлылардың табаны тиген топырақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 1 сәуір
(№ 35). - 3 б.
Смағұлов Е. М. Асқарлы асуы: Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық техникалық
колледжінің директоры Е.М.Смағұловпен сұхбат / сұхбаттасқан О.Жүнісұлы // Орталық
Қазақстан. - 2016. - 26 қараша (№ 189). - 5 б.
Томпиев М. Балқашта мыс балқытқан алғашқы металлург // Қала мен дала. - 2016. - 10
маусым (№ 22). - 11 б.
Төкішев Қ. Бүгіннің белесінен қарасақ // Орталық Қазақстан. - 2007. - 7 сәуір. - 4 б.
Төлеуұлы Б. Қаралы жылдардың қасіреті // Орталық Қазақстан. - 2021. - 29 мамыр (№ 56).
- 4 б.
Халтонов Ә. Көлік инфрақұрылымының дамуы - ойдағыдай // Орталық Қазақстан. - 2021. -
21 қаңтар (№ 7). - 4 б.
Балқаш туризм мекеніне айналады // Орталық Қазақстан. - 2021. - 1 мамыр (№ 47). - 2 б.
Кәрім Н. Балқаштағы баянды істер // Орталық Қазақстан. - 2020. - 26 желтоқсан (№ 142). -
6 б.
22 сәуір 1937 – 7 қараша 1998 Айтыскер
ақын Шынболат Ділдабаевтың туғанына
85 жыл
Айтыскер ақын Шынболат Ділдебаев 1937 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келді.
1950 жылы кешкі жұмысшы жастар мектебін, 1964 жылы Жезқазған тау-кен техникумын
бітірген. 1957-1992 ж. Жезқазған кенішінің №45 шахтасында жұмысшы, ауысым мастері болып
істеді. 1980 жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие
болды, шебер термешілігімен танылды. ЖКМК «Горняк» мәдениет үйінде көркемөнерпаздар
үйірмелеріне жетекшілік еткен. Сәтбаев қаласындағы «Байқоңыр» кинотеатрының алғашқы
директоры (1974), «Арман» халықтық ән-би ансамблін ұйымдастырып, жетекшісі болды (1975).
Ансамблмен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина жерлерінде өнер көрсеткен.
«Ұлытау үні», «Байқоңыр дауысы» фестивальдерін алғаш ұйымдастырушылардың бірі.
1991 жылы ҚР еңбек сіңген мәдениет қызметкері атағы берілді. Сәтбаев, Ақтөбе,
Қызылорда қаласының, Шиелі ауданының, (1997) Сұлутөбе ауылының «Құрметті азаматы»
атағы берілді.
Ш.Ділдебаев халыққа кеңінен танымал «Кенші сыры» (1993), «Жылжиды жылдар» (1997)
атты жыр жинақтарының авторы. Сәтбаев қаласындағы Кеншілер сарайына Ш.Ділдебаев есімі
берілді.
1998 жылы 7 қарашада қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Ділдебаев Ш. Өмірдің басы сайран... // Ұлытау үні фестивалі: ширек ғасырлық тарихтан:
мақалалар, құжаттар, фотодеректер жинағы / Жезқазған қаласының әкімдігі, Жезқазған
35