Page 16 - kzd
P. 16

Халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының  лауреаты,  ақын  Дәулетәлі  Стамбеков  1947
            жылы  26  қаңтарда  Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданы,  Қоңырат  ауылында  туған.  Ақын  М.
            Горький мектебінде білім алды. Дәуітәлі мектепте оқып жүрген кездерінде өлең жазды. Еңбек
            жолын совхозда қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1968 жылы «Арқа еңбектері» аудандық
            газетіне  аға  әдеби  қызметкер  болып  орналасады.  Қазақ  мемлекеттік  университетінің
            журналистика  факультетін  тамамдаған  (1974).  Республикалық  «Лениншіл  жас»  (қазіргі  «Жас
            Алаш»)  газетінде,  кейін  республикалық  «Қазақстан  пионері»  (қазіргі  «Ұлан»)  газетінде,
            «Жазушы» баспасында, «Егеменді Қазақстан» газетінде қызмет атқарған.
                  Алғашқы өлеңдері аудандық облыстық газеттерде жарық көрген. Онға тарта жыр жинағы
            мен  аударма  кітаптары  жарық  көрді.  Солардың  ішінде  «Алтын  бесік»,  «Мазасыз  маусым»,
            «Нұрлы әлем», «Бұлақтар даланы аңсайды», «Жұмағым мен тамұғым» өлеңдер мен поэмалар
            жинақтарының авторы. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлең,
            поэмаларын  аударуға ат салысқан. Б. Кенжеев, Б. Қанапияновтардың кітаптарын  қазақ тіліне
            аударған. «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. 1999
            жылы Халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының лауреаты» атағын алды.
                  Ақын 1999 жылы Алматы қаласында 1999 жылы 7 маусымда дүниеден қайтты. 2002 жылы
            Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Қаратал ауылының тоғыз жылдық мектебіне Дәуітәлі
            Стамбекұлының аты берілді.

                                                          Әдебиеттер:
                  Стамбеков  Д.  Құнанбайдың  құдіреті  //  Жыр  тәңірі  /  құраст.  Ғ.  Қайырбеков;  ред.  М.
            Жұмағалиев. - Алматы: Өнер, 1995. - 119 б.
                  Стамбеков Д. Қызыл бидай: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1985. - 102 б.
                  Стамбеков Д. Мазасыз маусым // Қанат қақты. - Алматы: Жазушы, 1974. - 207 б.
                  Стамбекұлы Д. Бір тамшы ғұмыр. - Алматы: Сөздік-словарь, 2014. - 239 б.
                  Стамбекұлы Д.  Ғұмырымның  баяны /құраст.  Ф. Б. Закарина.  -  Алматы:  «Баспалар үйі»,
            2011. - 158 б.
                  Стамбекұлы Д. Жұмағым мен тамұғым. - Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. - 304 б.
                  Стамбекұлы  Д.  Отан,  отан,  отан  //  Туыңды  көтер:  жинақ  /  құраст.:  Д.  Әшімханұлы, Ш.
            Байкенова, Е. Кәпқызы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2006. – 76-94 б.
                  Стамбекұлы Д. Сенім мен серіктестік // Қанапиянов Б. Шығармалары: жинақ: екі томдық.
            2 т. / Б. Қанапиянов; құраст. Б. Хабдина. - Алматы: Жібек жолы, 2020. - 560-567 б.
                  Стамбекұлы Д. Шығармалары. - Астана: Фолиант, 2013 -(Сарыарқа кітапханасы).
                  1 т. Ғұмырымның баяны: өлеңдер, поэмалар және балладалар. - 335 б.
                  2 т. Өлеңдер. - 330 б.

                                                            ***
                  Стамбеков  Д.  Қайта  оралып  жүрермін  жас  шағыма...  //  Қазақ  әдебиеті.  -  2009.  -  12-18
            маусым (№ 26). - 9 б.
                  Стамбеков Д. Тоқырауын // Тоқырауын тынысы. - 2008. - 9 қыркүйек (№ 36/37). - 6 б.
                  Стамбеков Д. Сен менен басқаның қызғанбасын // Жалын. - 1976. - № 4. - 115 б.
                  Стамбеков Д. Қаламсабым - қанжарды кезенгенім... // Қасым. - 2012. - № 1. - 5-12 б.
                  Стамбекұлы Д. Ақырзаман // Орталық Қазақстан. - 2008. - 6 желтоқсан. - 8 б.
                  Стамбекұлы Д. Соңғы кезең жырлары // Жалын. - 2004. - №2. - 46-48  б.
                  Стамбекұлы Д. Соңғы кезең жырлары // Тоқырауын тынысы. - 2007. - 18 мамыр. - 8 б.
                  Стамбекұлы Д. Шайтанкөл Сұлушаштың көл айнасы // Орталық Қазақстан.  - 2000. - 29
            наурыз.
                  Стамбекұлы Д. Өтеді уақыт, өмір де... // Жұлдыз. - 2011. - № 2. - 133 - 136 б.
                  Стамбекұлы Д. Ақынның көз жасы // Қасым. - 2011. - № 2. - 55 б.
                  Стамбекұлы Д. Жақсылыққа сенемін жаным толы // Тоқырауын тынысы. - 2012. - 13 шілде
            (№ 30). - 4 б.

                                                             16
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21