Page 21 - kzd
P. 21
басқарды, филология факультетінің мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысына қатысып,
филологтардың әдебиет бойынша дипломдық жұмыстарына жетекшілік етті. Оның таланты,
әмбебап ғалымдығы ұрпақ жадында сақталады.
1972 жылы университет құрамына келесі факультеттер кірді - филология, тарих,
экономика, құқық, математика, физика, химия, биологиялық; дайындық, кешкі, сырттай
бөлімдер; аспирантура; 37 кафедра; 40 оқу зертханасы, агробиологиялық станция. 1972/73 оқу
жылында 5 мыңнан астам студент оқыды.
Ал педагогика мен бастауыш білім беру әдістері, педагогика мен психология (мектепке
дейінгі) факультеттері Қарағанды педагогикалық институтының құрамында қалды.
1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қарағанды мемлекеттік
университетіне академик Е.Бөкетовтың есімі берілді. 1996 жылы Академик Е.А. Бөкетов
университеті мен Қарағанды педагогикалық институты толық қосылды.
Бүгінгі таңда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жарқын
тарихымен Қазақстан Республикасының үздік университет қатарында. ҚарМУ Қазақстандағы
жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде, QS World Universities Rankings үздік
университеттерінің әлемдік рейтингінде, Webomеtrix халықаралық рейтингісінде көпсалалы
университеттер көшбасшыларының үштігіне еніп келеді.
2020 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ Webet Science халықаралық ақпараттық
-аналитикалық платформасына сәйкес «Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының
аймақтық университеттерінің арасында Web of Science Core Collection басылым қызметіндегі
көшбасшысы» атты тәуелсіз сыйлығының иегері болды.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу және ғылыми-зерттеу базасы маңызды ғылыми
зерттеулер жүргізуге және қазіргі заманғы білім беру технологияларын жүзеге асыруға
мүмкіндік туғызады. Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік
береді. Талап етілген білім беру бағдарламалары, қосымша мамандық алу мүмкіндігі, онлайн
оқу, өзіндік стартап-жобаларды жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі білім алуға ұмтылатындардың
барлығын еңселі болашаққа бастайды.
Қазіргі уақытта университет 73 бакалавриат, 48 магистратура және 12 докторантура
мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. 6 ҒЗИ жұмыс істейді (Сарыарқа археологиялық
институты, техникалық физика және экология мәселелері институты, химиялық мәселелер
иннституты, нарықтық қатынастар институты, қазақ халқының рухани мұрасын зерттеу
институты), 4 ғылыми орталық, «Физика-химиялық зерттеу әдістері» инженерлік салалық 1
зертхана.
Университеттің кітапхана қоры қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және әлемнің
басқа да тілдерінде кітап және электрондық басылымдардың 1,7 млн данасын құрайды.
«Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» мерзімді ғылыми журналы шығады.
2020 жылдан бастап университет «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып табылады.
Ректоры-Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.
https://buketov.edu.kz - Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
ресми сайты
Әдебиеттер:
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті = Карагандинский
государственный университет имени академика Е. А.Букетова = Academician E. A. Buketov
Karaganda State University: [анықтамалық]. - Қарағанды : КарГУ им. Е. А. Букетова, 2013. – 75 б.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті = Карагандинский
университет имени академика Е.А.Букетов = Academician E.A.Buketov Karaganda State
University / ред. Р.М. Жумашев . - Караганда : ТАис, 2006. - 84 б.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті // Аршабеков Т. Т.
Қазыналы Қарағанды; Қарағанды қаласының әкімдігі. Арт площадка қоғамдық қоры. -
Қарағанды: Гласир, 2019. – 38-41 б.
Бөкетов Е. А. атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті туралы әдебиеттер:
21