Page 20 - kzd
P. 20
Хвостов 16 адамды оқытты. Металдарды дәнекерлеу мен қыздырудың технологиялық
процестерін жетілдіруге белсенді қатысты. Оның рационализаторлық ұсыныстары күрделі
жөндеудегі тоқтап қалу ұзақтығын 25% - ға қысқартуға, әрбір металл құймасының қыздыру
ұзақтығын 45 минутқа азайтуға мүмкіндік берді. Сегізінші бесжылдық (1966-1970) жылдарында
дәнекерлеушілер бригадасы оның басшылығымен бес жылдық жоспардың тапсырмаларын
мерзімінен бұрын орындауды қамтамасыз етті, сол үшін А.Г. Хвостов Социалистік Еңбек Ері
атағына ие болды. Ол бірнеше рет партком, цехком мүшесі, Теміртау қалалық еңбекші
депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1972 жылдан-зейнеткер. Комбинат
тәлімгерлер кеңесінің төрағасы болды.
1988 жылы 8 қарашада Теміртау қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Хвостов Александр Герасимович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 538 б.
https://librarykaraganda.wixsite.com/enbekdanqy/hvostov
1 наурыз 1972 - Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік университетінің
ашылуына 50 жыл, 1992 жылы 19 маусымда
академик Е.А.Бөкетовтің мемориалды музейінің
ашылды
Қарағандыда мемлекеттік университетті ұйымдастыру туралы КСРО Министрлер
Кеңесінің Қаулысы 1971 жылы 4 қарашада қабылданды.
Онда: «Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің КСРО Мемлекеттік
жоспарлау комитетімен, КСРО Жоғары және орта арнаулы білім Министрлігімен және КСРО
ағарту министрлігінің келісімен 1972 жылы Қарағанды қаласында Қазақ КСР Жоғары және орта
арнаулы білім Министрлігінің Қарағанды мемлекеттік университетін Қарағанды педагогикалық
институты базасында, университетте жалпы білім беретін мектептер үшін мұғалімдер
даярлауды қысқартусыз ұйымд астыру туралы ұсынысы қабылдансын», - делінген.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1972
жылғы 7 ақпандағы No73 «Қарағанды мемлекеттік университетін ұйымдастыру туралы»
бірлескен Қаулысымен шешім қабылданды.
Мұнда былай былай делінген: «Республикада университеттік білімі бар мамандарды
даярлауды кеңейту мақсатында 1972 жылдың 1 наурызынан бастап Қарағанды педагогикалық
институты, Қарағанды мемлекеттік университеті базасында Қарағандыда оқу сабақтарын 1972
жылдың 1 қыркүйегінен университет жоспарларымен ұйымдастыру»
Қаулы негізінде Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі Қ.Айманов 1972
жылғы 25 ақпандағы No180 бұйрық шығарды, онда: «Қарағандыда Қарағанды педагогикалық
институты, Қарағанды мемлекеттік университеті базасында оқу сабақтарын 1972 жылдың 1
қыркүйегінен бастап жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары бойынша сабақтар
университет жоспарларымен ұйымдастыру» делінген.
Филология, тарих, физика -математика, химия және биология, экономика және құқықтану
мамандықтар бойынша мамандарды даярланады. Университеттің ресми ашылуы 1972 жылы 14
наурызда Киров көшесіндегі пединститут ғимаратындағы акт залында Қарағанды облыстық
партия комитетінің бюро мүшелерінің, облыстық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының,
ғылыми -зерттеу және жобалау институттарының, техникумдар мен мектептердің
басшыларының қатысуымен өтті.
Университет ректоры болып белгілі ғалым, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, техника
ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ебней
Арыстанұлы Бөкетов болып тағайындалды. Бұған дейін химия факультетінде сабақ берді,
химия кафедрасын басқарды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Металлургия институтымен
байланысын үзбей, халькогендер мен халкогенидтер химиясының ғылыми зертханасын
20