Page 12 - kzd
P. 12
Асқар Н. Ісі өнеге, сөзі дуалы ұстаз еді! // Орталық Қазақстан. - 2014. - 28 маусым (№
120/121). - 7 б.
Әбдешова А. Риясыз қызмет // Орталық Қазақстан. - 2017. - 30 наурыз (№ 34). - 5 б.
Әубәкіров Е. Жеңімпаздар жұлдызы - мәңгі жарық: еңбек ардагері Е.Әубәкіровпен сұхбат
/ сұхбаттасқан Р.Телегин // Орталық Қазақстан. - 2015. - 22 қаңтар (№ 7). - 3 б.
Әубәкіров Е. Жеңімпаздар жұлдызы - мәңгі жарық: еңбек ардагері Е.Әубәкіровпен сұхбат
/ сұхбаттасқан Р.Телегин // Орталық Қазақстан. - 2015. - 22 қаңтар (№ 7). - 3 б.
Бектембаева К. Жарқын бейнелі жан // Орталық Қазақстан. - 2013. - 29 тамыз. - 7 б.
Болса ғой азаматтың бәрі сондай!... // Орталық Қазақстан. - 2007. - 27 ақпан.- 9 б.
Есмхамбетов А. Берерi сарқылмайтын, айтары азаймайтын адам // Орталық Қазақстан.-
2002.-26 қаңтар
Жуасбайұлы Ө. Жастығымның куәсі // Заман. - Ақсу-Аюлы, 2006. - 20 сәуір.- 2 б.
Кәрiмов С. Жеңiске тағзым // Азия Транзит.- 2002.- N5.-2-3 б.
Қазақстанның құрметті журналистері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 21 маусым) . - 1 б.
Құрметке бөленгендер // Орталық Қазақстан. - 2008. - 3 шілде (№103) . - 4 б.
Мәлік Имашұлы Имашев // Орталық Қазақстан. - 2013. - 25 шілде (№ 126/127). - 5 б.
Медиев Қ. Елі сүйген ұл // Орталық Қазақстан. - 2012. - 21 қаңтар (№ 11/12). - 6 б.
Олжабай С. Құрметті азаматтарға - құрмет // Орталық Қазақстан. - 2005. - 17 ақпан.- 8 б.
Омаров А. Біртуар // Қарқаралы. - 2012. - 5 мамыр (№ 35/36). - 6 б.
Сексенұлы С. Қарағайдың қарсы біткен бұтағы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 21 қаңтар
(№ 11/12). - 6 б.
Сексенұлы С. Қарымды да, қайратты да басшы еді // Орталық Қазақстан. - 2013. - 25 шілде
(№ 126/127). - 5 б.
22 қаңтар 1932 – 27 қараша 2013 - Ақын,
қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың
туғанына 90 жыл
Кәкімбек Салықов 1932 жылы 22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын
ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Көкшетау қаласындағы № 1 мектепте
орташа білім алып, 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде Казгородок қазақ орта мектебін
бітірді. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін
Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, К.И.Сәтбаев атындағы кен-металлургия
комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП қалалық комитетінің бірінші хатшысы,
Жезқазған комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1975 жылдан КОКП Орталық
Комитетінің аппаратында инспектор болып қызмет істейді. 1984 жылы Өзбекстан КПОК-нің
бюро мүшесі, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан кейін Кеңестер
Одағы Жоғарғы кеңесінің экология комитетінің төрағасы, Жоғарғы кеңестің Президиум мүшесі
қызметтерін атқарды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (ІХ, Х, ХІ) депутат болып сайланған. КСРО
Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының
иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы
«Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен,
«Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты
жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның
«Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғұлам баспасы «Жезкиік» жинағын
өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че
Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды. К.Салықов – «Дала», «Қырандар», «Гәкку»,
«Жезкиік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі»
секілді көптеген поэмалардың авторы.
Б.Жұманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның
көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз
сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.
12