Page 11 - kzd
P. 11

«Енді  сөзді  біздің  ақсақалымыз,  құрметті  демалыстағы  Мәлік  Имашұлына  береміз»,  дегенде,
            Нұрсұлтан  Назарбаетың  өзі  жүргізушіні  тоқтатып,  «Қандай  құрметті  демалысты  айтып
            отырсың? Менің білетінім, Мәлік Имашұлы Қарағанды облысында ең ірі және алғыр кәсіпкер,
            қайтақұрушы», деген екен. Тіпті, Қарағандыда Жеңіс саябағы салына бастағанда әр ай сайын
            өзінің  зейнетақысының  жартысын  беріп  отырған.  Ол  соғыстың  бүкіл  шындығын,  ажалдың
            қасыңда  жүретінін,  қаншама  миллиондаған  сарбаздың  жер  жастанғанын  өз  көзімен  көрген
            Мәлік аға, солардың есімі ел есінде қалуына бірден-бір ат салысқан азамат.
                  Қарағанды  облыстық  мемлекеттік  архивіне  2014  жылы  Мәлік  Имашұлының  жеке  қоры
            қабылданып,  құжаттары  сақталуда.  Болашақ  ұрпақ  Мәлік  Имашұлының  еліне  риясыз қызмет
            етуінен, адамгершілік, патриоттық, шыншыл, іскер қасиеттерінен үлгі алса дейміз.
                  2001  жылы  «Шахтер-Испат-Кармет»  футбол  командасын  ұйымдастыру  және  қаржылық,
            шаруашылық және кадр мәселелерін шешуге сүбелі еңбек етті.
                  Оның  жауынгерлік  ерлігі  ІІ  дәрежелі  «Отан  соғысы»,  «Қызыл  Жұлдыз»  ордендерімен,
            бейбіт  өмірдегі  ерен  еңбегі  «Еңбек  Қызыл  Ту»  орденімен  және  15  медальмен  аталып  өтілді.
            2004  жылы  ол  Тәуелсіз  Қазақстанның  жоғары  наградаларының  бірі  «Парасат»  орденімен
            марапатталды. Сондай-ақ, оның есімі «Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына» енгізілді.
                  Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына, мәдениеті мен баспасөз
            ісінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан талантты басшы-қайраткер Мәлік Имашұлы 2013 жылы
            шілде айында қайтыс болды.
                                                       Әдебиеттер:
                  Имашев М. Менің мақсат-мұратым: тарихты бұрмалауға жол бермеу // Асқар Н.  Терең
            тамырлар. – Қарағанды: Арка және К, 2016. – 152-155 б.
                                                            ***
                  Имашев М. Адамзат азат болған күн // Орталық Қазақстан. - 2008.-8 мамыр(№72-73) .- 3 б.
                  Имашев М. Асылдың асылы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қараша.- 4 б.
                  Имашев М. Бізді «Шахтер» арқылы таниды // Орталық Қазақстан.-2001. –11 тамыз.
                  Имашев М. Досымды сағынып еске аламын // Орталық Қазақстан. - 2007. - 24 мамыр.- 3 б.
                  Имашев М. Жеңіс мәресі // Орталық Қазақстан. - 2006. - 2 қыркүйек.- 7 б.
                  Имашев М. Жеңістің маңызы төмендемейді // Орталық Қазақстан. - 2001. - 20 маусым
                  Имашев М. Зерде жаңғырығы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 1 қаңтар
                  Имашев М. Қайсар қызы қазақтың // Орталық Қазақстан. - 2009. - 20 тамыз (№ 125).- 2 б.
                  Имашев М. Қарағанды кеншілерінің көшбасшысы // Орталық Қазақстан.- 2001.- 20 қаңтар.
                  Имашев М. Қаражат қайда жұмсалады? //Социалистік Қазақстан. – 1990. - 22 шілде.
                  Имашев М. Қатар едік қашанда... // Орталық Қазақстан. - 2009. - 22 желтоқсан.- 3 б.
                  Имашев М. Қияметқайыммен келген жеңіс // Азия Транзит. -Қарағанды, 2005 . - N5. - 10 б.
                  Имашев М. Менің Қарағандым // Азия транзит.-Қарағанды, 1999. - 25 ақпан-3 наурыз.- 5 б.
                  Имашев М. Нағыз бұқаралық басылым // Орталық Қазақстан. - 2011.-4 қазан.- 6 б.
                  Имашев М. Халықтың ұлы ерлігі ұмытылмайды // Орталық Қазақстан.-2000.-5 ақпан.
                  Имашев М. Шахтерлер мен металлургтерді қолдаймын // Орталық Қазақстан. - 2006. - 7
            қазан.- 6 б.
                                             М. Имашев туралы әдебиеттер:

                  Имашев  Мәлік  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А.  Абдулин.  -
            Алматы: Атамұра, 2006. – 282 б.
                                                            ***
                  Ақанов Т. Азамат сондай-ақ болсын // Орталық Қазақстан.- 2002.- 26 қаңтар
                  Алпысұлы С. Қыран қиясы // Орталық Қазақстан.-2001.-15 желтоқсан
                  Аманбаев  І.  Қоғамдық  мүдденiң  қажырлы  қызметшiсi  //  Орталық  Қазақстан.-  2002.-26
            қаңтар
                  Ардагерді торқалы тойымен құттықтады // Орталық Қазақстан. - 2012.-24 қаңтар.- 1 б.
                  Асқар Н. «Бір өзеннің қос жағасы-екеуміз..." // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 наурыз.- 5 б.
                  Асқар Н. Ардагер ағаның жастарға аманаты // Орталық Қазақстан. - 2007. - 23 қаңтар.- 2 б.

                                                             11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16