Page 10 - kzd
P. 10

22  қаңтар    1922  –  23  шілде  2013  ҚР  еңбек  сіңірген  мәдениет
                                   қайраткері,  Қазақ КСР баспа үздігі,  ҚР  үздік журналисі,  аты Қазақ
                                   КСР  Алтын  кітабына  енген,  Қарағанды  қаласының  және  Шет
                                   ауданының құрметті азаматы Мәлік Имашевтің туғанына 100 жыл

                  Мәлік  Имашұлы  1922  жылы  22  қаңтарда  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Қатанқарағой
            селосында дүниеге келеді. Он жасынан колхозда күнде 14-15 сағаттық жұмыс, жер жырту, егін
            жинау, қысы-жазы қиында, ауыр жұмыстар істеген. Отбасында тірі қалған бесеу екен. Осылай
            Мәлік Имашұлының балалық шағы аумалы-төкпелі қиын заманда, ауыр жағдайда өткен. Әскер
            қатарына  17  жасында  шақырылған.  19  жасында  Ұлы  Отан  соғысы  басталады.  Ол
            алғашқылардың  бірі  болып,  Алматыда  авиация  қатарына  алынып,  соғысқа  аттанған.  Алғаш
            теория жүзінде самолетпен таныстықтың өзі күніне 16-17 сағатты алған, таңғы төртте тұрып,
            таңғы ас 5.00 сағатта, одан аэродромға жету бес-алты шақырымдағы, сосын түскі астан кейін
            оқыту,  тағысын  тағы  түнге  дейін  дайындық  жүрген.  1942  жылдың  қазанында  үздік  бітірген
            бірінші топты соғысқа аттандырған. Мәскеу түбіндегі 1-ші аралас әуе әскеріне түседі. Әйгілі У-
            2 самолетымен Гжатск түбінде, Вязьма және Ржев аудандарында жау теміржол (составтарын)
            тіркестерін, танктер шоғырын және әскер бөлімдерінің штабтарын әуеден талқандаған. Түнде
            екі-үш рет ұшуға тура келген. Мәлік аға аралас әуе полкында 172-ші құрамда 1943 жылға дейін
            соғысқан.  Полк  қайта  жасақталып,  432-ші  эскадрильяға,  50-ші  армия  қатарына  түседі.  1944
            жылы  ол  агитсамолетте  ұшқан.  Мұндай  ұшақтар  Батыс  майданында  тек  екеу  ғана  болыпты.
            Олардың  қызметі  –  неміс  солдаттарын  ыдырату.  Мәскеуден  Вильгельм  Пик  редакциясымен
            шыққан  «Жаңа  Германия»  —  «Чойес  дойчланд»  газетінің  №1  санын  Мәлік  аға  мен  Паша
            Волков самолетпен таратады. Көп немістер осы газетті  оқып, өз еріктерімен берілген. Соғыс
            аяғында  Шығыс  Пруссияның  үстінде,  Пилау  ,  Фишхаузен,  Грац  порттарын  талқандаған.
            Кенигсбергті  алу кезінде қала  аумағындағы опорлы форттарды бомбылаған. Мәлік Имашұлы
            соғыс жылдары әр түрлі ұшақпен ұрыс алаңына төрт жүзден аса мәрте сапар жасаған. Ұшқыш
            болып  Украина,  Беларуссия  және  Германияны  жаудан  азат  етуге  қатысқан.  Сөйтіп,  соғысты
            1945 жылы Кенигсбергте аяқтайды.
                  Мәлік  Имашұлы  одан  кейін  76-шы  гвардиялық  штурмдық  авиациялық  полкке  жібереді.
            Онда  көп  тұрақтамай,  апатқа  ұшыраған  кездегі  алған  омыртқа  жарақатының  асқынуына
            байланысты  1947  жылы  елге  қайтады.  Сол  жылы  аудандық  партия  комитетінің
            нұсқаушылығына,  жарты  жылдан  кейін  партия  комитетінің  меңгерушілігіне  бекітеді.  1949
            жылы Мәлік Имашұлы Алматы партия мектебіне түсіп үздік бітіреді.  1951 жылы Қарағанды
            қаласына жіберіледі. Бұл жерде Қарағанды қалалық партия комитетінде, Киров аудандық, Шет
            аудандық,  Қарағанды  облыстық  партия  комитеттерінің  хатшысы,  Қарағанды  облыстық
            кәсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.
                  1963-1970  жылдар  М.Имашұлы  облыс  кәсіподақтары  Кеңесінің  төрағасы  болып,  содан
            кейін қайтадан партиялық жұмысқа ауысты. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы
            лауазымында болды.
                  Мәлік  Имашұлы  –  оннан  аса  аудандық,  қалалық  және  облыстық  халық  Кеңесінің,
            Қазақстанның  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты.  Екі  рет  Казсовпрофтың  және  кәсіподақтың
            Бүкілодақтық Орталық кеңесінің мүшесі болып сайланған.
                  Бүкілодақтық  кеңеске  екі  рет  қабылданған.  Африка  және  дамушы  мемлекет  ретінде
            Азияның Оңтүстік-Шығысына біліп-тану, мамандану үшін жіберілген. Тіпті, Кеңес үкіметінің
            кәсіподақ  делегаттарына  басшылық  етіп,  Африканың  Алжир,  Мали,  Гана,  Либерия,  Берег
            Слоновой Кости, Конго-Браззавиль, Заир, Гвинея елдеріне де аяқ басқан.
                  1973  жылы  Мәлік  Имашұлына  Одақтық  дәрежедегі  зейнетақы  тағайындалды.  Ол
            облыстық  «Полиграфия» басқармасына жетекшілік етеді.  20 жыл  «Полиграфия» атты өндіріс
            орталығанда  басшы  болған  кездері  ағаш  емес,  сабаннан  қағаз  өндіретін  зауыт  салу  жөнінде
            Қытайға  барып,  көріп-біліп,  мұндай  зауытқа  кеткен  шығынның  екі-үш  жылда  өзін-өзі
            ақтайтынын,  отандық  өндіріс  болатынын  айтып,  табанды  тер  төккен.  Бұл  жөнінде  бір  аста

                                                             10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15