Page 6 - kzd
P. 6

Алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезовтің «Сын сағатта» спектакліндегі Рәш қыз. Жандарбекова
            отандық драматургтер пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді орындап,
            мүсінді,  сымбатты,  ажарлы  арулар  галереясын  жасады.  Бұлардың  ішінде  Әуезовтің  «Еңлік  –
            Кебегіндег»” Еңлік, «Қара қыпшақ Қобыландыдағы» Құртқа, «Абай» трагедиясындағы Тоғжан,
            «Айман  —  Шолпандағы»  Шолпан,  «Түнгі  сарындағы»  -                   Жүзтайлақ,  «Абай  әні»
            кинофильміндегі  Мағыш  бейнелері  бар.  Ғ.Мүсірепов  пьесалары  қойылымындағы  -  Ақтоқты
            («Ақан  сері  —  Ақтоқтыда»),  Баян  («Қозы  Көрпеш  —  Баян  сұлу»),  Ш.Хұсайыновтың
            «Алдаркөсесіндегі»  Қарашаш,  «Қилы-қилы  тағдырларындағы»  Рәуәш,  т.б.  бейнелердің  ішкі
            иірімдері мен көңіл күй толғаныстарын нәзік те терең ашқан шеберлігімен Жандарбекова сахна
            өнері тарихында қалды.
                  Әсіресе, Ақтоқты бейнесін қайталанбас бірегейлікпен мүсіндеді. Ол Салқия (Ә. Әбішевтің
            «Күншілдігінде»),  Марфуға,  Ева  Бройер  (Қ.Мұхамеджановтың  «Бөлтірік  бөрік  астында»,
            «Құдағи келіпті» және «Жат елдесінде»), Үрия (Ә.Тәжібаевтың «Той болардасында»), Фатима
            ханым,  Жаңыл  (Т.Ахтановтың  «Анты»  мен  «Боранында»),  Алмагүл  (Ш.Айтматов  пен
            Қ.Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде»), Ажар (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»;
            Қазақстанның  мемлекеттік  сыйлығы,  1980),  Жамал  т.б.  рөлдерді  ойнап,  өз  замандастарының
            сан  қилы  кескін-келбетін  ашты.  Оның  Марианна  (Ж.Б.  Мольердің  «Сараңында»),  Дездемона
            (У.Шекспирдің «Отеллосында»), Шырын (Н.Хикметтің «Фархад – Шырынында»), Негина және
            Кручинина  (А.Н.  Островскийдің  «Таланттылар  мен  табынушылары»  және  «Жазықсыз
            жазалыларында»)  т.б.  бір  топ  рөлдері  -  отандық  сахнагерлердің  классикалық  шығармаларды
            меңгеруінің үлгісі іспетті.
                  1945  жылдан  киноға  түскен:  Мағыш  («Абай  әнінде»),  Баян  («Махаббат  дастанында»),
            Зияда («Дала қызында», 1954), т.б. рөлдерді орындады.
                  1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
                  1968  жылдан  педагогикалық  қызметпен  (әуелі  Алматы  мемлекеттік  өнер  инcтитутында
            1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында қызмет етті.
                  Шолпан  Жандарбекова  сирек  кездесетін  драмалық  актриса.  Театрда  істеген  62  жыл
            аралығында
            басында айтқандай екі жүзге таман ролдерді сомдаған. Ол «Отан және екі мәрте «Еңбек Қызыл
            Ту» ордендерімен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталрымен марапатталған.
                  2005 жылы 14 қыркүйекте 83 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды.
                  Ш.Жандарбекованың  сахнада  және  кино  өнерінде  жасаған  сан-алуан  образдары  жас
            ұрпақтың рухани әліппесіне айналып, жарқын бейнесі жадымызда сақталады.
                  2013  жылы  Алматыда  актриса  тұрған  Жамбыл  көшесіндегі  №  42  үйде  оның  құрметіне
            мемориалдық тақта ашылды.
                                                        Әдебиеттер:

                  Темірғалиева К. Т. Тарих және музей = Музей и история: монографиялық зерттеу музей
            қорынан / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков; Қарағанды облысының мәдениет департаменті,
            Облыстық тарихи-өлкетану музейі. - Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2007. - 331 б.
                  Темірғалиева К. Т. Тарих және музей = Музей и история: монографиялық зерттеу музей
            қорынан / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков, Е. Н. Нұрмағанбетов; Қарағанды облысының
            мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі.
            - Қарағанды: TENGRI LTD, 2017. - 623 б.
                  Қазақ халқының тарихи тұлғалары: [қысқаша анықтамалық]. - Алматы: Өнер, 2016 - 3 кіт.
            Аңыз аналар мен ару қыздар / құраст. Ә. Көпіш. - 2016. - 367 б.
                  Тарихи тұлғалар: [анықтамалық басылым] / құраст.: Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. - 5-бас. -
            Алматы: Алматыкітап, 2017. - 383 б.
                  Бөпежанова Ә. Сахна сәулесі: жинақ. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2020. - 478 б.

                                                            ***
                  Ғениярова С. Мәңгі есімде // Мәдениет. - 2012. - № 2. - 46-49 б.

                                                             6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11