Page 7 - kitaphanalyq_tazhiribe
P. 7
Ал, бұл мақалада кітапханашылар блог жазбаларын қалай қызықты етіп
жазуға болады, қазіргі таңда қандай тақырыптар қызықты әрі өзекті екенімен
танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға болады.
Кучеренко И. Приглашаем на «Сырнички Сэлинджера» : подкасты
по особому рецепту / Библиотека . – 2022. - № 4. – С. 16-18.
Подкаст дегеніміз не? «Подкастинг» (ағылш. podcasting, екі сөзден
тұрады - iPod (Apple портативті ойнатқышы) және broadcasting (хабар
тарату). Бұл Интернетте радио және теледидарлық хабарлар стилінде аудио
және видео файлдарды жасау және тарату процесі. Подкастинг нәтижесінде
алынған өнімнің өзі подкаст деп аталады. Әдетте, подкасттар белгілі бір
тақырыпта жасалады және жариялау жиілігі бар, мысалы, аптасына бір рет.
Бұл термин алғаш 2004 жылы қолданыла бастаған.
Қазіргі таңда ютуб желісінде подкаст бағдарламалары жетерлік, сондай-
ақ, аудио подкасттарды тыңдайтын арнайы платформалар да бар. Бұл
мақалада кітапханада өтетін әдеби подкаст жайлы жазылған. Бұл подкаст
кітапханаға келетін жастар аудиториясына арналған, подкаст жүргізушілері
бір-біріне кітап жайлы түрлі сұрақтар қоя арқылы жүргізеді, ал кейде арнайы
қонақтар шақырып подкастың тақырыптарын өзгертін отырады. Бұл еркін
платформа қазіргі таңда көптеген жастарға өз ойларын ашық жеткізуге,
ортада ашылуға мүмкіндік жасауда. Подкаст барысында оқырмандарға
арналған еркін микрофон айдары да өткізіледі, олар өздеріне қызық болған
сұрақтарды келген қонаққа немесе аудиторияға қоя алады.
Шмелева Н. И вновь вопрос: «О чём писать?»: руководство для
начинающих блогеров / Библиополе. – 2022. - № 5. – С. 23-29.
Кітапхананың инстаграм парақшасын қалай креативті, мағыналы және
қызықты етіп жүргізуді білмей жүрсеңіз, дәл осы мақала кез-келген
кітапхананың инстаграм желісіндегі парақшасына жақсы көмекші құрал бола
алады. Бұл мақалада, кітапхананың инстаграм парақшасын қызықты
жүргізудің 5 жолы көрсетілген. Яғни, ең алдымен кітапхананың инстаграм
парақшасы білім беру бағытындағы (обучающий) ақпараттармен қамтылуы
қажет; 2) инстаграм парақшада белсенді болуға көмектесетін истористарда
түрлі көңілді көтеретін қызықты ақпараттар (развлекательный) әрине
ақпараттар кітаппен, адамдар біле бермейтін мерекелік күндермен, кітап
авторларына қатысты тылсым ақпараттармен үнемі жарияланып отыруы
қажет; 3) инстаграм пайдаланушыларына қолайлы, қарапайым
(пользовательский) болғаны дұрыс. Яғни, кітапхананың инстаграм желісін