Page 3 - kitaphanalyq_tazhiribe
P. 3
КІРІСПЕ
Қазіргі заман кітапханалары оқырмандарды кітап пен оқуға тартуда
пайдалы жұмыс түрлерін қолданады.
Әсіресе, жұмыс тәжірибесінде жаңа әрі қызықты түрлі шаралар өте
көптеп ұйымдастырылуда. Әр кітапхана оқырманына тек кітап берумен
ғана емес, сондай-ақ, жаңа маркетингтік бағытта өздерінің жұмыстарын
ұсынумен де айналысуы керек. Яғни, кез-келген шараның форматын
түрлендіруде, жобаларды құруда, кітапханалық ойындар өткізуде
оқырманға пайдалысын және қазіргі заман талабына, оқырман сұранысына
сай етіп өтуі маңызды.
«Кітапханалық тәжірибе: жаңа, қызықты және пайдалы» әдістемелік
ұсынысы кітапхана қызметінің қызықты әрі пайдалы жобалары,
семинарлар, іс-шаралары бойынша Ресей мемлекетінің кітапханаларының
практикалық тәжірибесін баяндайтын мақалаларды, жарияланымдардан
үзінділерді қамтиды.
Қазіргі таңда кітапхана жұмыстарында көптеген жаңа форматтағы
шаралар өткізілуде, бірақ олардың барлығы дерлік пайдалы немесе оқырман
қызығушылығын арттыратындай қызықты бола бермейді. Дегенмен, әр
кітапхана өз жұмыстарының қоғам арасында өзектілігін жоймай барынша
сұраныста болуын қалайтындықтан, заман талабына сай түрлі шаралар
өткізіліп келеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныста жұмыс тәжірибесінде
пайдалы болады деген мақсатта жазылған мақалалар легі баяндалды.