Page 6 - kitaphanalyq_tazhiribe
P. 6
Бұл мақаладан сіздер инстаграмдағы кітапхана акаунтын қалай дамытуға
болатыны жайлы, постты қалай сауатты жазуға болатыны жайлы біраз құнды
ақпаратты ала аласыздар.
Ястребкова А. Время снимать Reels! : используем преимущества
нового видеоформата / А. Ястребкова // Библиотека . – 2022. - № 2. – С.
22-26.
Тағы да бір заман талабына сай инстаграм желісінде белсенді болуға
мүмкіндік беретін мақала. Сіз кітапханаңыздың инстаграмдағы акаунтын
дамыта алмай жүрсеңіз, қазіргі таңда қандай контент маңызды екенін білмей
жүрсеңіз дәл осы мақала сізге жәрдем ете алады. «Reels» - дегеніміз не, ол
инстаграмда белсенді болуға қандай көмек береді осы секілді барлық
сұрақтардың жауабын осы аталмыш мақаланы оқи отырып ала аласыздар.
Видео форматта қандай қызықты дүниелер түсіруге болады, қандай
тақырыптарға бейнероликтер жасауға болатыны, оны жариялайтын уақытта
көптеген мүмкіндіктерін осы мақалада ашып көрсете білген. Өзіңізді
әрдайым трендтемін деп сезінгіңіз келсе осы мақаланы практика жүзінде
міндетті түрде қолдануға кеңес беремін.
Дубиневич И. Литература с полки знаменитости : медийные персоны
знакомят с любимыми произведениями / И. Дубиневич // Библиотека . –
2022. - № 3. – С. 53-55.
Әр белгілі тұлғаның жетістікке жету жолында өзінің жинаған құнды
дүниесі болады. Ал, бұл құнды дүние, әрине көптеген танымал тұлғада
оқыған пайдалы кітаптары болмақ. Бұл аталмыш жоба кітапхана
оқырмандарына көп дүниені көрсете алады, белді тұлғалармен кездесіп,
олардың жеке кітаптарына шолу жасау арқылы оқырмандар өздеріне
пайдалы ақпараттарды ала алады, белгілі бір жетістікке жету жолында бағыт
– бағдар жол табуларына жаңа мүмкіндіктер туады. Нақтырақ айтқанда әр
танымал тұлға мен оқырман арасында байланыс көпірі пайда болады, әр адам
(депутат, дәрігер, актер, журналист, мұғалім) өзінің жетістікке жету
формуласымен бөліседі.
Шмелева И вновь вопрос: «О чём писать?» : руководство для
начинающих блогеров / Н. Шмелева // Библио-поле . – 2022. - № 5. – С.
23-29.
Бүгінгі күні барлық кітапхана сайттарында «кітапхана блогы» деген жеке
бөлім орналастырылған, блогта кітапхана қызметкерлері әр түрлі
тақырыптарда өз ойларымен бөлісіп пайдалы жазбаларын жариялап тұрады.