Page 4 - kitaphanalyq_tazhiribe
P. 4

«Жаңа» деген сөзді естігенде біздің ойымызға бірден бұрын ешбір жерде
                  жарияланбаған  деген  ой  келеді,  асылында  жаңа  дүниенің  өзі  ескінің

                  жаңғыруы, қайта өңделіп жаңа дүниеге айналуын білдіреді.
                       Сол  себепті  де  кітапхана  тәжірибесінде  жаңа  форматтағы  шаралар  да
                  қазіргі таңда ескіден өңделіп қайта жаңғыруда. Осындай жаңа формалардың

                  бірі - квест. Соңғы уақытта квестті көптеген кітапханалар өткізуде. Алайда,
                  кітапханалардың  барлық  мамандары  квесттерді  дайындау  әдістемесін
                  білмейді, сондықтан кәсіби іс-шараларда квестті қалай ұйымдастыруға және

                  өткізуге болатындығы туралы сұрақтар жиі айтылады.
                       Бұл ойынның барысында қатысушы немесе қатысушылар қандай да бір
                  мақсатқа  жету  үшін  бірқатар  кедергілерден  өтуі  керек.  Бұл  ойынның

                  барысында  әрдайым  тапсырма  беріліп,  сол  тапсырмаларды  табу  арқылы
                  (тақырып, анықтама, хабарлама) квесттің сюжетін құруға болады.
                       Квест-ойындарының түрлі жанрлары бар, олардың кейбірі кітапханалық

                  практикада  қолданылып  жүр,  дегенмен  көпке  таныс  емес  кітапханалық
                  квесттер де бар:
                       Квест-перфоманс. Квесттің бұл түрі, квест ойының бір бағытқа немесе
                  шатастыру  мақсатында  басқа  бағытқа  жол  сілтейтін  бір  адамның  болуын

                  талап  етеді.  Ол  адам  ойын  барысында  топ  мүшелеріне  көмектесе  алады
                  немесе керісінше тапсырмаларды орындауға кедергі келтіруі мүмкін.


                       Морфиус квесті. Бұл жерде квесттің барлық қатысушылары көзді жұмып
                  ойнайды.  Ойын  барысында  жағдайды  тереңірек  үйрену  үшін,  арнайы
                  жүргізуші адам дайындалады.


                       Барлығы  білетіндей,  квест  ойынының  мәні  ол  тапсырмаларды  дәйекті
                  түрде  орындау  арқылы  қол  жеткізуге  болатын  белгілі  бір  мақсат.  Топтарға

                  берілетін  әр  тапсырма  келесі  нысанның  және  келесі  тапсырманың  кілті
                  болып табылады.

                       Қазіргі  таңда  көптеген  кітапханалық  шаралар,  жобалар  немесе  түрлі

                  семинар, тренингтер болсын барлығы онлайн форматында өткізіліп тұрады,
                  сондықтан,  медиа  ақпарат  пен  қоғам  арасында  ақпараттық  білімді  сауатты
                  жеткізе алатын мамандардың болғаны дұрыс.


                       Осыған  байланысты,  Ресей  мемлекетінің  Белояр  ОКЖ  –  де  «Медиа-
                  people»  («Медиа-адамдар»)  жобасы  құрылған.  Яғни,  бұл  ұғым  ақпарат  пен
                  қоғам  арасындағы  делдал,  нақтырақ  айтқанда  ақпараттық  мәдениетке  ие

                  және сол білімін аудиторияға жеткізе алатын адамдар жайындағы жоба.
   1   2   3   4   5   6   7   8