Page 5 - kitaphanalyq_tazhiribe
P. 5

Аксенова  Т.  Н.  Проект  «Медиа-people»:  развитие  социально

                  активной личности, владеющей основами информационной культуры /
                  Т.Н.           Аксенова.             -         [Электронды               ресурс]            //
                  https://www.cultmanager.ru/article/4511-proekt-media-people-razvitie-sotsialno-
                  aktivnoy-lichnosti-vladeyushchey-osnovami?ysclid=l887gzklgj265061061


                         Бұл  жобаның  мақсаты  медиа-кеңістікпен  (әлеуметтік  желі,  смартфон,
                  гаджеттермен)  тығыз  байланысты  сауатты  қалыптастыру.  Жобаның
                  міндеттері төмендегідей:

                  1) жасөспірімдерде сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
                  2) жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу және іске
                  асыру үшін жағдай жасау;
                  3)  зерттеу  іс-әрекетінің  әдістері  мен  тәсілдері  туралы  білімдерін  кеңейту
                  және оларды іс жүзінде қолдануға үйрету;
                  4)  психология,  өлкетану,  тарих,  салауатты  өмір  салты,  журналистика
                  саласындағы жасөспірімдердің ой-өрісін кеңейту;
                  5)  жасөспірімдерде  бірлесіп  құру,  серіктестік  және  ұжымдық  қызмет
                  сезімдерін дамыту;
                  6) жасөспірімдерді белсенді әлеуметтік қызметке ынталандыру;
                  7) өз көзқарасын тұжырымдау және дәлелдеу қабілетін дамыту;
                  8) жасөспірімдерде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
                  9) жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын жандандыру;
                  10) жастардың проблемаларына қоғамның назарын аудару;
                  11)  алынған  білімді  практикада  қолдана  отырып,  жобаға  қатысушыларды
                  белсенді танымдық іс-әрекетке тарту;
                  12)  жасөспірімдер  үшін  бос  уақытты  өткізудің  балама  түрлерін
                  қалыптастыру.


                       Әдістемелік  ұсыныстағы  келесі  мақалалар  кітапханамызға  келетін
                  мерзімді  басылым  беттерінен  пайдалы,  қызықты  болады  деген  мақсатта
                  дайындалып алынды.



                       Цаганян М. Вдохнём жизнь в аккаунт: посты в соцсетях, интересные
                  всем  /  М. Цаганян   //  Библиотека . – 2022. - № 1. – С. 27-29.


                       Қазіргі  таңда  инстаграм,  фейсбук  және  тағы  басқа  да  әлеуметтік
                  желілерге  сапалы  пост  жазу  белгілі  бір  мамандықты  талап  ететін  маңызды
                  мәселеге  айналды,  тіпті  осы  пост  жазу  өнерін  игеру  үшін  көп  адамдар

                  «копирайтер»  саласын  терең  оқуды  қолға  алған.  Бұл  мамандық  иелері
                  түсінікті әрі көркем жазу арқылы ақша табуға мүмкіндік ала алатын заманауи

                  саланың иелері.
   1   2   3   4   5   6   7   8