Page 32 - КЗД_каз_2020
P. 32

қараша (№ 197). - 1 б.
                  Қаптамасы бар дәрілер // Арқа ақшамы. - 2019. - 18 қаңтар (№ 2). - 3 б.
                  Қаржан Ж. Отандық дәрі өндірісі жанданады // Орталық Қазақстан.-2009.- 13 маусым- 1 б.
                  Қасенов  Б.  Дәрі-дермек  өзімізде  өндірілсе:  фитохимия  институтының  директорының
            орынбасары Б.Қасеновпен әңгіме // Орталық Қазақстан. - 2000. - 26 тамыз.
                  Қауысов Б. Қазақстан фармациясы қарыштай дамып келеді // Орталық Қазақстан. - 2004. -
            25 қыркүйек - 3 б.
                  Құрманғалиқызы А. Дәрі жасау өндірісі көмекке зәру // Орталық Қазақстан. - 2000. - 22
            наурыз.
                  Меморандум - маңызды механизм // Орталық Қазақстан. - 2016. - 20 қазан (№ 172). - 1 б.
                  Молдахметов З. Орталық Қазақстанның ордалы отауы // Орталық Қазақстан. – 1995. – 14
            желтоқсан7 – 4 б.
                  Мұсабек Е. Чехиялық пошта маркасында - қазақ академигі // Орталық Қазақстан. - 2016. -
            1 қырк. (№ 140/141). - 1 б.
                  Несіпбай А. "Арглабинге" әлем үміт артады // Егемен Қазақстан. - 2000. - 22 наурыз.
                  Омарбекова Ж. Фармацевтикалық өндіріс өрісі кеңейді // Орталық Қазақстан. - 2019. - 17
            қаңтар (№ 5). - 1 б.
                  Рыжкова Н. И. Естелік жусан // Орталық Қазақстан. - 2012. - 28 ақпан (№ 35). - 3 б.
                  Тілеуов Б. "Арглабиніміз" бар біз дайынбыз // Егемен Қазақстан. - 2015. - 26 маусым. - 2 б.

                                                    5 мамыр 1940 – жазушы Өмір Кәріпұлының туғанына
                                                    80 жыл

                  Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа  ауданы,  Құмдауыт  ауылында  1940  жылы  5  мамырда
            дүниеге  келген.  Он  жылдықты  Жаңаарқа  ауданының  орталығындағы  орта  мектепте  бітіріп,
            ҚарПИ-дің филология факультетін аяқтаған. Еңбек жолын Қызылтау мектебінде мұғалімдіктен
            бастаған.  Ауыл  мектептерінде  жиырма  жыл  ұстаздық  қызмет  атқарған.  1980  жылдан  бері
            Ақадырда тұрады. Аудандық «Ақадыр таңы» газетінде журналистік мектептен өтті. Аудандық
            «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. 1997-2003 ж.ж. аудандық «Заман» газетінде қызмет атқарды.
                  Ұлттық  дәстүр-салттың  қанат  жоюына,  тіл  мен  діннің  жандануына  үлес  қосты.  Оның
            бастамасы бойынша Ақадыр өңірінде «Бүркітші қансонарда» деген облыс аралық бүркітшілер
            жарысы  өтіп  тұрды.  «Қымызмұрындық»  мереке-жәрмеңкесі  жалғасын  тапты.  Билер  сайысы,
            ақындар сайысы, тіл мерекесі аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен жүйелі өтіп
            тұрды. Қоғам жетекшісінің бастамасымен Ақадырда 1992 жылы мешіт ашылды.
                  Өмір  Кәріпұлы  –  шығармашылық  жолын  өлең  жазудан  бастаған.  Алғашқы  қалам  алды
            жырлары  аудандық  «Жаңаарқа»  газетінде  жарияланды.  Облыстық  «Орталық  Қазақстан»
            газетінде топтама жырлары шығып тұрды. Жазушы поэзиядағы мүмкіндігін прозада байқатып,
            әңгіме-повес жанырында қаламгерлік қарымын таныта білді.
                  «Сарыбел сазы» (1977), «Атасының баласы» (1980), «Есік тоған» (1985), «Бұрқақ» (1991),
            «Тайталас»  (2001),  «Серілер  мен  перілер»  (2003),  «Сыбаға»  (2010),  «Тамызық»  (2008)  т.б.
            кітаптарының авторы.
                  Ө.Кәріпұлы айрықша ұлтжанды азамат, туған халқының дәстүр-салты мен тілінің, дінінің
            жоқшысы. Тәуелсіздіктің орнығуына, елдігіміздің еңсе көтеруіне талант қарымымен де, жүрек
            жылуымен де қал-қадірінше үлес қосуда.
                  Өмір  Кәріпұлы  –  1986  жылы  СССР  Ж  азушылар  Одағының  мүшелігіне  өткен,  еліміз
            тәуелсіздік  алғаннан  бері  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі.  Бұрынғы  Ақадыр
            ауданының Құрметті азаматы.
                  Жазушының  қазақтың  ақиық  ақыны  Сәкен  Сейфуллинге,  атақты  күйші  Сайдалы  сары
            Тоқаға,  Әбікен  Хасеновке  арнаған  хикаяттарының  көркемдік  деңгейі  жоғары.  Оқырманнан
            тәуір бағасын алған шығармалар.
                                                       Әдебиеттер:

                  Кәріпов Ө. Бұрқақ: роман пов; ред. Ш. Құмарова. - Алматы: Жазушы, 1991. - 253 б.
                  Кәріпов Ө. Ескі тоған. - Алматы: Жалын , 1985. - 160 б.
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37