Page 35 - КЗД_каз_2020
P. 35
24 мамыр 1940– 5 маусым 2016– Журналист,
публицист, ХАА академигі Валерий
Михайлович Могильницкийдің туғанына 80
жыл
Валерий Могильницкий 1940 жылы 24 мамырда Алматы облысы, Қаскелең селосында
дүниеге келген. Львов Мемлекеттік университетін 1962 жылы бітірген. 1963-1980 жылдар
аралығында Льюв, Владивосток, Дондағы Ростов қалаларының газеттерінде еңбек етті.
Баспасөз саласында 50 жылдан астам уақыт еңбек етті. 30 жылдан астам уақыт «Казахстанская
правда» газетінің Жезқазған және Қарағанды облыстары бойынша меншікті тілшісі болды.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. «Подробности» газетінің
Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болды.
Республиканың және ТМД-ның баспасөз беттерінде үш мыңнан астам мақаласы жарық
көрді. В.Могильницкийдің туған өлке туралы «Сарыарка», «На земле Сатпаева», «Город в
степи», «Медь Жезказгана», «Люди, қоторых любят», «В самом центре Евразии», «Созвездие
талантов», «Просторы Сарыарки», «Страниды больной жиани», «Караганды», «Звезды Тулага»,
«Люди победы», «Черные розы маршала», «Академик Абылкас Сагынов», «Наш Назарбаев»,
«Верность призванию» публицистикалық көркем кітаптары, «Свет окна» т.б. өлеңдер жинағы
жарыққа шықты.
Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты.
Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының
корреспондент мүшесі.
Мемлекетке сіңірген еңбегі үшін СССР ВДНХ-ның күміс медалімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек
даңқы» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.
2016 жылы 5 маусымда Қарағанды қаласында дүнеден өтті.
Әдебиеттер:
Могильницкий, В. М. Қарағанды = Караганда: худож.-документ. книга. - Караганда: ОАО
" Карагандинская полиграфия", 2004. - 140 с.
Могильницкий Валерий Михайлович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 407-408 б.
***
Бексейіт С. Жеңіске жеткізген жайсаңдар // Орталық Қазақстан. - 2011. - 6 қыркүйек. - 5 б.
Валерий Михайлович Могильницкий // Орталық Қазақстан. - 2016. - 7 маусым. - 5 б.
Жанысбай С. Жазушыны құттықтады // Орталық Қазақстан. - 2010. - 5 маусым. - 8 б.
Жаңа кітап жарыққа шықты // Орталық Қазақстан. - 2009. - 24 қаңтар . - 4 б.
Жорналшылар жүлдесі // Арқа ақшамы. - 2015. - 2 шілде (№ 25). - 2 б.
Қаламгер құрметтелді // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 мамыр (№ 80). - 1 б.
Мадалимов М. Президент орталығындағы тұсаукесер // Орталық Қазақстан. - 2013. - 4
маусым (№ 91). - 6 б
Мамыр 1975 – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
қарағандылық жауынгерлер мемориалының
ашылуына 45 жыл.
«Мәңгілік алау» мемориалдық кешені Қарағандыда 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30
жылдығы құрметіне салынған болатын. Оның авторлары - мүсінші Жеңіс Молдабаев пен
сәулетші Нұрбақыт Қойшыбеков.
Ұлы Отан соғысында қаза қаза тапқан қарағандылық жауынгерлерді есте сақтау үшін
салынған ескерткіште қызыл гранитпен көмкерілген көлбеу стеллада қазақ және орыс
жауынгерлерінің жартылай мүсіндері бейнеленген. Ескерткіштің орта тұсында – қола жұлдыз.
Стелланың алдында қаһарман қалалардан әкелінген қасиетті топырақ салынған капсулалар
көмілген. Шойыннан қойылған «1941-1945» деген жазулар сұр граниттен қаланған. Ескерткішті
орнатқан авторлар ұжымына 1980 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.