Page 30 - КЗД_каз_2020
P. 30

өсімдіктерінің  494  түрі  зерттелді.  Бұлардан  2  мыңнан  астам  табиғи  қосылыстар  бөлініп,
            теңдестірілді. 1 мыңға жуық жаңа туындылар синтезделді.
                  Ұйымның қызметі 1977 жылы Қарағанды қаласындағы химия-металлургия институтында
            табиғи  қосылыстар  химиясының  шағын  зертханасы  базасында  басталған.  Сол  кезде  мұнда
            Қазақстанның  жабайы  өсетін  флорасын  зерттеу  бойынша  ауқымды  кешенді  зерттеулер
            жүргізілді:  жаңа  молекулалардың  бөлінуі,  құрылысын  орнату,  олардың  химиялық
            модификациясы және биологиялық белсенділігін анықтау.
                  Бүгінде «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі - бұл өсімдік шикізатын
            қайта өңдеуден, субстанция алудан бастап дайын дәрілік түрлерді, бірегей фитопрепараттарды
            өндіруге  дейінгі  толық  технологиялық  цикл  енгізілген  фармацевтика  саласындағы
            инновациялық жобаларды іске асыру орталығы.
                  15 елдегі 40-қа жуық  институтты қамтитын халықаралық  ғылыми байланыста.  Жетекші
            ғылыми-зерттеу  институттарымен,  әлемнің  жоғары  оқу  орындарымен  халықаралық
            ынтымақтастық  ғылыми-техникалық  ынтымақтастықты  дамытуға,  холдингтің  ғылыми
            қызметкерлері біліктілігін арттыруға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған.
                  Холдингтің  басты  ғылыми  даму  бағыттары  табиғи  өсімдік  шикізатын  зерттеу,  олардың
            негізінде жаңа дәрілік материалдар мен препараттар алу, халықаралық GMP стандарттарының
            талаптарына сай дәрілік препараттар өндірісі үшін ғылыми технологиялар мен техника жасау
            бойынша  тәжірибелік-конструкторлық  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  өндіріске
            енгізу,  республиканың  химия,  фармацевтика,  медицина  салаларына  жоғары  білікті  мамандар
            даярлау болып табылады.
                  Елбасы     Н.Ә.Назарбаевтың      жеке     тапсырмасымен      бәсекеге     қабілетті   бірегей
            фитопрепараттар  өндіретін  кешеннің  бірінші  кезегі  2005  жылы  қосылып,  одан  кейін  екінші
            кезегі де жұмыс істей бастады. Мұнда ампула жасау, сублимациялық кептіру цехы, дәрі-дәрмек
            сапасын  бақылау  зертханасы  құрылды.  Сонымен  бірге,  экстракциялау  және  дәрілік  заттар
            субстанцияларын синтездеу өндірісі қатарға қосылды. Бүгінгі таңда сыртқы рынокта да өтімді
            дәрілік  түрлерінің  жылына  2  миллион  ампуласы,  150  миллион  таблеткасы,  капсулалары,  2
            миллион  жұмсақ  түйіршіктері  шығарылады.  Бүгінде  дәрілердің  қазіргі  заманғы  түрлері,  атап
            айтқанда,  нанобөлшектер,  капсулалар,  жақпа  майлар  және  суппозитерлердің  соңғы
            технологиясы жасалуда.
                  Қарағанды «Фитохимия» холдингінің ғалымдары мен қызметкерлері 500-ден астам шипа
            шөптерді  анықтап,  72  жаңа  дәріні  ойлап  тапты.  Елімізден  өзге,  шетелдің  ірі  онкологиялық
            орталықтары қатерлі ісікке қарсы қолданып жүрген «Арглабин» сынды бірегей препараты бар.
            «Арглабин» дәрісі әлемнің 11 елінде патенттелген. Халықаралық GMP cтандарттары бойынша
            бірегей  фитопрепараттар  өндірісін  ұйымдастыру  инновациялық  жобасы  іске  асырылуда.  Осы
            бастамалар  ескеріліп,  холдинг  халықаралық  СОМSАТS  ғылым  мен  технологияларды  қолдау
            қорына  мүше  ретінде  қабылданды.  Холдингтің  бір  топ  ғалымдары  «Қазақстанда  табиғи
            сесквитерпенді лактондар химиясы бойынша зерттеулерді дамыту, оларға ізденіс негізінде жаңа
            дәрілік заттарды жасау» ғылыми жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанды.
                  «Фитохимия»  Халықаралық  ғылыми-өндірістік  холдингінің  негізгі  бағыты  GMP
            стандартының  халықаралық  талаптарына  сәйкес  дәрілік  препараттардың  тұп  нұсқалық  түрін
            құрастыру бойынша өндіріс технологиясын құру және өндіріске оны енгізу.
                  06.09.2018ж.  №18-01-7.12  Президент  Н.А.  Назарбаевтың  тапсырмасын  орындау
            барысында Қарағанды облысында фармацевтика өндірісін ұлғайту, соның ішінде «Фитохимия»
            ХҒӨХ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС базасында дайын фармацевтикалық
            өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін Қарағанды қ., фармацевтикалық өнімнің қосымша құнын
            құрастыруға  қатысушы  17  кәсіпорынның  басын  қосатын  Қарағанды  облысында  аудандық
            фармацевтикалық кластер ұйымдастырылды және жұмыс істейді.
                  Осы кластерді дамыту бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен
            2020-2022  жылдарға  арналған  тұп  нұсқалық  дәрілік  препараттар  өндірісін  дамыту  үшін
            инновациялық технология бойынша бағдарлама дайындалып, ұсынылды.
                  Бұл бағдарламаның негізі бағыты тұп нұсқалық қазақстандық препараттар өндіріс көлемін
            ұлғайту және бәсекеге қабілеттілін арттыру үшін өндіріске инновациялық технологияны енгізу.
                  Қарағандының жанындағы 1500 гектар жерге дәрілік шикізаттар егіледі.
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35