Page 25 - КЗД_каз_2020
P. 25

Майбас  Т.  Серiк  Ақсұңқарұлы  Ақтоғай  ауданының  құрметтi  азаматы  //  Орталық
            Қазақстан.- 2000.- 2 ақпан
                  Мәмет С. Ақсұңқар жыр - Ақсұңқарұлы // Егемен Қазақстан. - 2016. - 9 маусым. - 12 б.
                  Медальмен марапатталды: құттықтаймыз! // Орт. Қазақстан.- 2005.- 8 қыркүйек.- 1 б.
                  Мұртаза Ш. Ақын Серiк Ақсұңқарұлы // Егемен Қазақстан.- 2000.- 31 наурыз
                  Мұсабеков  Е.  Ақсұңқарұлы  -  "Әдебиет  қайраткері"  //  Орталық  Қазақстан.  -  2013.  -  5
            қаңтар (№ 1/2). - 1 б.
                  Өрісбаев  А.  "Алаш  тарихының  ақиқаты"  атты  жабық  бәйге  өз  мәресіне  жетті  //  Егемен
            Қазақстан. - 2015. - 10 қазан (№ 194). - 8 б.
                  Рахұлы  А.  Алаштың  алдаспан  ақыны  кешілер  қаласында  кездесу  өткізді  //  Орталық
            Қазақстан. - 2016. - 6 қаңтар (№ 1/2). - 2 б.
                  Сейдахмет  М.  Ақиық  ақын  туралы  фильм  түсірілді  //  Тоқырауын  тынысы.  -  2013.  -  21
            маусым (№ 23). - 4 б.
                  Ушурова  Г.  А.  Қазақ  поэзиясындағы  діни  -  исламдық  дүниетаным  шығармаларының
            тарихи-әдеби сипаты: (XIX-XX ғғ. және XXI ғ. басы) // Қазақ және әлем әдебиеті = Казахская и
            мировая литература. - 2018. - № 4/6. - 20-22 б.
                  Ысқақбай М. Көкжал Ақын - көкшулан жырлар // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 12-18 қазан (№
            40). - 12,13 б.

                                                    25  сәуір  1895  -  1937  -  Қоғам  қайраткері  Нығмет
                                                    Нұрмақұлы Нұрмақовтың туғанына 125 жыл

                  Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатып, нығайту
            жолындағы  күреске  қатынасушы,  КОКП  мүшесі  Н.Нұрмақов  1895  жылы  25  сәуірде  Семей
            губерниясының Қарқарқаралы уезіне қарасты Қу болысында дүниеге келген.
                  Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, 1911 ж. Қарқаралыдағы екі кластық орыс-қазақ
            училищесін,  Қу  болысының  ауқатты  байы  Қасен  Ақаевтің  көмегімен  Омбыдағы  мұғалімдер
            семинариясына  оқуға  түсіп,  1915  жылы  бітіреді.  1911  жылы  Қу  болысының  атақты  байы
            Ақайдың  Қасенінің  қасына  тілмаш  болып  ере  жүріп,  Омбыдағы  Романовтар  әулетінің  300
            жылдығына  орай  ұйымдастырылған  ауылшаруашылық  көрмесіне  қатысады.  Қазақтың  асыл
            бұйымдары, заттары толы ақ ордасын тамашалауға келгендерге ұлттық  дәстүрдің қыр-сырын
            түсіндіріп,  аудармашы  болып,  зеректігімен  көрмені  тамашалауға  келген  Шоқанның  серігі
            орыстың  атақты  ғалымы  Г.Н.Потаниннің,  Ресей  жағрапия  қоғамының  мүшесі,  Омбы
            семинариясының  оқытушысы  халықшыл-демократ  А.Н.Сидельниковтың  көзіне  түседі.  Олар
            қазақ  баласының  орыс  тілінде  таза  сөйлейтініне  тәнті  болып,  онымен  жақынырақ  танысып,
            Омбыдағы  оқытушылар  семинариясының  дайындық  курсына  оқуға  қабылдануына  себепкер
            болады.  1911-1915  жылы  семинарияда  С.Сейфуллинмен  бірге  оқиды.  Бір  жылдан  соң  екеуі
            негізгі  үшжылдық  курсқа  ауысып,  оны  1915  жылы  бітіреді.  Семинарияда  оқып  жүріп
            С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Саматовтармен қосылып  «Бірлік» атты мәдени-ағарту ұйымын
            құрады.
                  1915 жылы Омбы семинариясын бітірген соң Қарқаралыға оралып, өзі оқыған орыс-қазақ
            училищесіне қызметке тұрып, революциялық жұмысқа белсене кірісіп, саясатпен айналысады.
            1917  жылы  Қазан  революциясынан  кейін  большевиктер  партиясы  жағына  шығып,
            Қазақстандағы Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысады. 1917 жылғы төңкерістер кезінде күз
            айында «Дала одағы» деген атпен құрылған еңбекші кеңесінің басшысы болады. Колчак өкіметі
            орнағанда  кеңес  таратылып,  маусым  айында  Қарқаралыда  болған  контрреволюциялық
            көтерілістен соң кеңестің басқа мүшелерімен бірге тұтқынға алынып, 18 ай түрмеде отырып,
            1919 жылдың желтоқсанында бостандыққа шығады.
                  1918-1924 ж. Қарқаралы уездік кеңесінің хатшысы, 1919-1920 жылдары Қарқаралы уездік
            әскери-революциялық  комитеттің  мүшесі  болып  сайланады.  1919  ж.  қыркүйек  айынан
            желтоқсан  айына  дейін  ақгвардияшылар  түрмесіне  отырып,  басынан  көп  қиыншылықтарды
            өткереді.  1920  жылы  партия  қатарына  қабылданады.  Осы  жылы  қазан  айында  Орынбор
            қаласында  Қазақ  АССР-нің  құрылуын  жариялаған  Қазақ  АССР  Кеңестеріңің  І-құрылтай
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30