Page 26 - КЗД_каз_2020
P. 26

жиналысына  делегат  ретінде  қатысып,  Қазақ  АССР-і  Орталық  Атқару  Комитетінің  мүшесі
            болып сайланып, әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді шешуге зор үлес қосады.
                  1920  жылдан  бастап  Қарқаралыда,  сосын  Семейде  уездік,  губерниялық  атқару
            комитеттерінде  бірқатар  жауапты  қызметтер  атқара  жүріп,  1922  жылдың  ақпан  айында
            Орынборға  ауысады.  Алғашқыда  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінде  бөлім  меңгерушісінің
            орынбасары болып, сол жылдың қазан айында III Бүкілқазақтық кеңестер съезінде Қазақ атқару
            комитетінің төралқасының құрамына сайланып, Республикалық Жоғарғы Трибуналды басқару
            жүктеледі.
                  1922  жылдың  күзінен  Юстиция  комиссариатының  алқа  мүшесі  ретінде  оның
            мәжілістеріне  тұрақты  түрде  қатысып  отырады.  Қазақ  трибуналы  1923  жылдың  ақпанынан
            РСФСР  Жоғарғы  Сотының  қазақ  бөлімі  боп  қайта  құрылғанда  төрағасы  болып  тағы  да
            бекітіледі.  1923  жылдың  15  мамырында  сот  құрылысының  мәселелерімен  орталықта
            барғанында,  Юстиция  халық  комиссарлары  және  республика  прокуроры  міндеттерін  қоса
            атқару міндеті  жүктеледі.  Іс жүргізу, сот  жұмысын қазақ тілінде жүргізуге басшылық жасап,
            сот-тергеу  орындарында  қазақ  тілінде  іс  жүргізуді  қысқа  мерзім  ішінде  жүзеге  асырады.
            Қызметке  келген  күнінде  Орынборда  ашылған  тұңғыш  өлкелік  заң  курсын  Юстиция
            комиссарларының ерекше бақылауында болады. Курсты тәмәмдаған 39 адамға (14 қазақ) 1923
            жылдың  желтоқсан  айында  өз  қолымен  жолдама  тапсырады.  Еліміздің  Семей,  Ақмола,
            Қостанай  сияқты  қалаларында  осындай  қысқа  мерзімді  курстар  ұйымдастырып,  заң
            қызметкерлерінің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіруге  үлес  қосады.  Ең  төменгі  жалақы  алатындар
            қатарындағы  заң  қызметкерлерінің  жалақысын  көтеруге  кірісіп,  қаржы  мәселесін  көтеріп  екі
            рет  Мәскеуге  барып  қайтады.  Табандылығының  арқасында  1924  жылдың  жазына  қарай
            бөлінетін қаржы көлемін көбейіп, қызметкерлер жалақысын уақытында ала бастайды.
                  1924  жылдың  9  қыркүйегінде  Юстиция  комиссары  міндетін  жаңа  тағайындалған
            Н.Ералинге тапсырады. Алғашқыда бірер ай БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің үгіт және
            насихат  бөлімінің  меңгерушісі  қызметін  атқарады.  Көп  кешікпей  ҚазАКСР  Халық
            комиссарлары кеңесінің төрағасы міндеті (4 жыл 4 ай істейді) жүктеледі. Халық шаруашылығы
            біртіндеп құлаш жайғанда республиканың қираған өндіріс орындарын қалпына келтіріп, одан
            әрі  дамытуға  басшылық  жасайды.  1926  жылы  15  желтоқсанда  Қазақ  АССР  үкіметінің
            Түркістан-Сібір темір жолын салу туралы қабылдаған Қаулысы аясында темір жол құрылысына
            көмектесетін арнайы комиссия басшылығына тағайындалып, Түркісіб құрылысына Т.Рысқұлов,
            М.Тынышбайұлымен бірге қомақтай үлес қосады.
                  Алғашында Голощекинді қолдағанымен, артынан солақай саясатына қарсылығын білдіріп,
            келіспеушілік шегіне жеткенде 1929 жылдың сәуір айында өзінің сұрануы бойынша Мәскеудегі
            БК(б)П  жанындағы  Коммунистік  университетке  оқуға  түседі.  Аяқтаған  соң  Мәскеуде
            қалдырылып,  Бүкілодақтық  Орталық  Атқару  Комитеті  хатшысының  орынбасары  және  БОАК
            президиумының ұлттар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. 1931 жылы ашаршылыққа
            байланысты  Қазақстанға  келіп,  ел  жайымен  түпкілікті  танысып  қайтады.  Бүкілресейлік
            Орталық  Атқару  Комитетінде  аштықтан  азған  қазақ  халқының  ауыр  азабын  баяндап,  жедел
            арада көмек көрсетуді сұрайды.
                  Сонымен қатар партияның 11 және 14 съездерінің, 1-Бүкілқазақстандық Кеңестер съезінің
            делегаты.
                  Жаппай репрессия жылдары қуғынға алғашқылардың бірі болып ұшырап, 1937 жылдың 3
            маусымында       Мәскеудегі     пәтерінде    «халық     жауы»     деп    тұтқындалып,      О.Исаев,
            А.Асылбековтардың  «ұйымдарын»  орталықтан  басқарған  басшы  ретінде  айыпталып,  1937
            жылдың 15 қыркүйегінде «үштіктің» үкімімен 42 жасында ату жазасына кесіледі.
                  Н.Нұрмақовтың  туғандары,  жақындары  да  жазықсыз  жапа  шеккен.  Қарқаралы  өңірінен
            шыққан  Ыбырай  болыстың  қызы,  Семейде  орыс  гимназиясында  білім  алған  жұбайы  Зүпнүн
            (Зүфнүн)  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  кезінде  театр  өнерінің  қалыптасуына  үлесін  қосып,
            көптеген  рольдерді  ойнаған.  1926  жылы  Қызылордада  ашылған  тұңғыш  қазақ  театрында
            Ж.Шанин  қойған  «Біржан-Сара»  спектаклінде  Сараның  ролін  алғаш  ойнаған.  1937  жылы
            «халық жауының» әйелі ретінде тұтқындалып, Қарлаг және т.б. лагерьлерге айдалып, айдаудан
            1946 жылы босап, Мәскеуде тұрып, 1991 жылы Алматыға көшіп, 90 жастан асқанда 1996 жылы
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31