Page 15 - КЗД_каз_2020
P. 15

дейін жарық көрмеген бір топ сын мақалалары, естеліктері, жол сапар хикаялары қазақ және
            орыс тілінде енгізілген.
                  Е.А.Бөкетов  халық  жадында  сақтаулы.  Оның  жарқын  бейнесі  мемориалдық  тақта  және
            бейне  кескіні  арқылы  өзі  12  жыл  басқарған  ҚРҒА-ның  Химия-металлургия  институтының
            фасадынан орын алды.
                  Қарағанды  университетінде академик Е.А.Бөкетов атындағы 8 стипендия тағайындалды.
            1991  жылы  тамыз  айында  Қарағанды  мемлекеттік  университетіне  оның  алғашқы  ректоры
            Е.А.Бөкетов  есімі  берілді,  сонымен  бірге  Қарағанды  қаласының  Оңтүстік-Шығысындағы
            «Гүлдер» атты шағын ауданындағы бір көшеге Е.А.Бөкетов аты берілді.
                  1992 жылы маусым айында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 20 жылдығы қарсаңында
            университетте Е.А.Бөкетовтің мұражайы ашылды, ал жаңа 1993 жылдың қарсаңында ҚарМУ-да
            және  ҚРҒА-ның  Орталық  Қазақстан  Бөлімшесінде  республиканың  творчество  саласындағы
            жастарды биік парасаттылық, азаматтық негіздер рухында тәрбиелеу және оларға жәрдем және
            қолдау көрсету мақсатында Е.А.Бөкетов қоры құрылды.
                  Е.Бөкетовтің  туғанына  80  жыл  толуына  байланысты  республиканың  Ескерткіштер  және
            монументтер  жөніндегі  мемлекеттік  комиссиясы  шешімімен  Қарағанды  мемлекеттік
            университеті алдындағы алаңға ғалымға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторлары біздің
            жерлестеріміз  -  мүсінші  А.Билык  және  сәулетші  С.Мордвинцев.  Ескерткіште  академик  дәріс
            кафедрасына оң қолын тіреп, ойлы көзбен бүгінгі жас ұрпаққа мерейлене қарап тұр. Тұлғаның
            биіктігі 4,32 метр. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Ескерткіштің жалпы жалпы биіктігі жеті
            метрге жуық. 2006 жылы 14 желтоқсанда ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

                                                       Әдебиеттер:

                  Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 1 т. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. -
            Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - 444 б.
                  Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 4 т. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. -
            Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - 433 б
                  Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 5 т. Бірінші кіт. / Е. А. Бөкетов; ред. Е.
            Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2007. - 395 б.
                  Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. 5 т. Екінші кіт. / Е. А. Бөкетов; ред. Е.
            Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2007. - 427 б.
                  Букетов Е. А. Көкейкесті = Сокровенное. Кн. 2 / Е. Букетов. - [Б. м. : б. и.], 2002. - 410 б.
                  Букетов Е. Алты хат: Повесть.- Алматы: Жалын, 1996.- 272 бет.
                  Букетов  Е.  Атан  қомында  туған  адам:  Ғылым,  өнер  туралы  ойлар.-  Алматы:  Жазушы,
            1975.- 140 бет.
                  Букетов Е. Жас Қаныш: Деректi хикаят.- Алматы: Қазақстан, 1999.- 192бет.
                  Букетов Е. Көкейкестi.- Алматы: Қазақстан, 2000.- 432бет
                  Евнейдің бұлағы = Родник Евнея: өлеңдер жинағы - Алматы : Санат, [б.г.]. - 212 б.
                  Золя  Э.  Әңгімелері  мен  мақалалары.  /  орысшадан  ауд.  Е.А.Букетов.  -  Алматы:
            Қазмемкөркемәдеббас, 1956.–232 б.
                  Бөкетов Е. Аудармалар / Е. Бөкетов ; құраст. және ред. Н. Оразбек ; ақылдастар алқасы Б.
            Әбдішев  ;  жауапты  хатшы  С.  Ақсұңқарұлы  ;  Қарағанды  облысының  әкімдігі.  -  Алматы:
            Қазақстан, 2013 - (Сарыарқа кітапханасы)
                                                               ***
                  Бөкетов Е. А. Адам болам десеңіз // Орталық Қазақстан. - 2005. - 19 наурыз. - 7  б.
                  Бөкетов  Е.  "Жиеннің"  жиендігі  жайында  Жақыпбектің  айтқаны  //  Орталық  Қазақстан.  -
            2004. – 14-28 желтоқсан. - 6  б.
                  Бөкетов Е. А. Канада көріністері // Орталық Қазақстан. - 2013. - 12 желтоқсан (№ 216/217).
            - 4 б ; 14 желтоқсан (№218/219). - 6 б.
                  Бөкетов Е. Үш сұлу: өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 2001.-28 сәуiр
                  Букетов Е. Ағадан – ақыл, ініден - ілтипат // Білім және еңбек.–1971.- №6.- 14-15б, 20-21б.
                  Букетов Е. Аққан жұлдыздан құс жолына дейін // Орталық Қазақстан.–1969.- 21 наурыз
                  Букетов Е. Алтын босағаны аттағандарға // Жалын.– 1976.- №4.- 134-140 б.
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20