Page 13 - КЗД_каз_2020
P. 13

Жұмыш  Қ.  Өмірін  өнеге  тұтар  майдангер  -  ғалым  мерейі  //  Азия  Транзит.-  Қарағанды,
            2005.- N11.-6-8 б.
                  Иманов Ж. Ұлағатты ұстаз, үлгілі жар // Орталық Қазақстан. - 2015. - 14 наурыз. - 5 б.
                  Кәренов Р. Тұғыры биік, тұлғасы зор ғалым // Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.- N1.-8 б.
                  Мұсабек Е. Құс қанатындай қос жинақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қаңтар. - 6 б.
                  Мұсабеков Е. Құс қанатындай қос жинақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қаңтар. - 6 б.
                  Омарбекова Р.  Мен үшін асыл аға еді // Орталық Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан. - 4 б.
                  Плетников Ю. Т.Ә.Әбдіразақовтың "Кеңес қоғамының ыдырауы: себептері мен салдары"
            атты кітібына талдау // Орталық Қазақстан.- 2000.-22 наурыз
                  Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақов // Орталық Қазақстан. - 2015. - 5 ақпан.- 5 б.
                  Улақов С. Қарағайға қарсы біткен бұтақ еді // Орталық Қазақстан.- 2015. - 14 наурыз. - 5 б.
                  Шәріпқызы М. Қарағанды - қазынам // Орталық Қазақстан. - 2014. - 26 тамыз . - 10 б.
                  Шәріпқызы М. Сұрапыл соғыс іздері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 8 мамыр (№72-73),
            Сыр мен сымбат. – 2008.- №5/67-30 б.


                                                    23  наурыз  1925  -1983  -  Металлург,  Қаз.ССР  ҒА-ның
                                                    академигі, техника ғылымының докторы, профессор,
                                                    СССР  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Евней
                                                    Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 95 жыл

                  Евней  Бөкетов  1925  жылдың  23 наурызында  Солтүстік  Қазақстан облысының  Бағанаты
            ауылында дүниеге келеген.
                  Әкесі  Арыстан  малшы-шаруа  болған,  етікшілікпен  айналысқан,  кейіннен  совхоз  бен
            колхозда жұмысшы болып істеген, ал шешесі Балтай үй шаруасы және балаларды тәрбиелеумен
            айналысқан.
                  1941  жылы  тоғызыншы  класты  бітіргеннен  соң  әкесінің  ауру  болуына  байланысты
            Евнейдің мектептегі оқуды тоқтатуына тура келді, сөйтіп ол жұмыс істей бастады. Ол Октябрь
            ауданындағы  Соколовка,  Ольгинка  және  Жалтыр  ауылдарындағы,  Двойники  және  Гордецк
            селоларындағы бастауыш және орталау мектептерде мұғалім болып қызмет атқарды. Ольгинка
            селосында мектептің оқу ісінің меңгерушісі де болды.
                  Евней  мұғалім  болып  1945  жылдың  көктеміне  дейін  істеді.  Бірақ  осы  жылдардың
            барлығында да оның ойынан оқуды бітіріп, аттестат алу ниеті ешқашанда шыққан жоқ еді. Бұл
            арманына  осы  1945  жылы  қолы  жетты,  өз  бетінше  дайындалып,  Марьевка  орта  мектебінде
            емтихан тапсырып, кәмлеттік аттестат алды.
                  1945  жылы  Е.А.Бөкетов  Алматы  қаласына  келіп,  осындағы  Қазақ  кен-металлургия
            институтының металлургия факультетіне оқуға түсті, сөйтіп оны 1950 жылы бітіріп шықты. Ол
            1947 жылы БК(б)П мүшелігіне кандидат, ал 1949 жылы мүшесі болып қабылданды.
                  1951-1953  жылдары  Е.А.Бөкетов  өзі  бітірген  институттың  (ҚазКМИ)  аспирантурасында
            оқыды да, 1954 жылдың шілде айында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Металлургия және
            кен  байыту  институтының  біріккен  ғылыми  кеңесінде  молибденді  бөліп  алу  оның  химиялық
            анализі  мәселелері  бойынша  техника  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін
            диссертация қорғап шықты.
                  Осыдан  кейін  Е.А.Бөкетовтың  жоғарғы  мектеп  оқытушысы  ретіндегі  еңбек  жолы
            басталды.
                  1960  жылы  академик  Қ.И.Сәтбаевтың  ұсынысы  бойынша  Е.А.Бөкетов  Қаз.  КСРҒА
            Қарағанды  қаласындағы  Химия-металлургия  ғылыми  зерттеу  институтының  директорлығына
            тағайындалады және осы қызметте 1972 жылдың наурызына дейін істеген.
                  1969  жылы  мыс  рудаларын  жинақы  өңдеу  технологиясын  зерттеп,  Балқаш  кен-
            металлургия комбинатына ендіргені үшін Е.А.Бөкетовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
                  Евней  Арыстанұлы  1972  жылдың  наурыз  айында  Қарағанды  қаласында  ашылған
            республикадағы екінші университеттің тұңғыш ректоры болып тағайындалды. Осы қызметте ол
            1980 жылдың қаңтар айының ортасына дейін, яғни денсаулығының нашарлауына байланысты
            (ал шартты түрде «Өз тілегі бойынша») деген әділетсіз шешім арқылы босатқанға дейін істеді.
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18