Page 20 - КЗД_каз_2020
P. 20
атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры болды. Бұдан соң ұзақ уақыт облыстық
филармонияда қызмет істеді. Осы жылдардағы еңбегі үшін бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы,
Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және 16 медальмен марапатталған. Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болып, “Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері” атағын алған.
Жастайынан қызметке араласып, ерте есейген, табиғатынан сергек Мақат Рымжанұлы,
әсіресе мәдениет саласына ерекше үлес қосты. Өзі 15 жылдай мәдениет мекемелерін басқарған
кезде талай өнер ордаларының ашылуына мұрындық болды. Сол 70-80 жылдары музыкалық
комедия театры мен неміс театры өмірге келді. Сол кезде симфониялық оркестр құрылып,
“Гәкку”, “Фройндшафт” эстрадалық ансамбльдері ұйымдастырылып, кітапханалар
орталықтандырылды.
М.Рымжановтың мұндай еңбегі айта берсе ұшан-теңіз. Зейнеткерлікке шыққан соң да
көптеген мәдени шараларды өткізуге мұрындық болды. Қалада алғашқы “Наурыз” мерекесі
өткізіле бастағанда ол кісі көптеген ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғыртты. Шын
мәнінде мәдениеттің ғұламасы атанған М.Рымжановпен есептеспейтін, оның ұсынысын
тыңдамайтын адам жоқ еді. Оның білімі көптеген профессорлардан артық тұратын. Ол нағыз
мәдениетті, тағлымы жоғары, өз ісінің білгірі атанған жан.
2000 жылы М.Рымжанұлының туғанына 80 жыл толу қарсаңында, ол тұрған Лобода
көшесіндегі 12 үйге ескерткіш тақта қойылды.
Әдебиеттер:
Әбдешова А. Ұлтым деп соққан жүрегі // Мұрағат құжаттарындағы тарихи өлкетану -
қазақстандық патриотизмнің негізі: мақсаттары мен болашағы: республикалық ғылыми-
теориялық конференция материалдары / Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама
басқармасы, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты; жауап. ред. Ж. Ж. Тұрсынова. -
Астана: Профи Медиа, 2013. – 53-57 б.
Рымжанов Мақат // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.-
Алматы: Атамұра, 2006.- 450 б.
***
Алпысұлы С. Халқының қамқоры едi..// Орталық Қазақстан.- 2000.-1 сәуiр
Асқарова Н. Iзгiлiк бастаулары // Орталық Қазақстан.- 2001.-15 тамыз
Ахмедиев Т. Ауыл театрының бүгiнгi ажары// Қарқаралы.- 2001.-9 маусым
Әбдешова А. Қазақтың біртуар азаматы // Қазақстан мұрағаттары.-2016.- № 1. - 46-48 б.
Әбдешова А. Ұлтым деп соққан жүрегі // Орталық Қазақстан. - 2013. - 18 сәуір. - 4 б.
Әзиев Ә. Майдан сарбаздары - Бауыржан мен Әзілхан // Орталық Қазақстан.- 2000.-26, 29
сәуір
Бейсембек Т. Еске түсiру кешi // Орталық Қазақстан.- 2000.-29 наурыз
Жұмағали С. Тайтөлеуі Абыздың - кейіпкері аңыздың: өнер саңлақтары // Орталық
Қазақстан.-2005.- 27 қаңтар.-9 б.
Кенжебаев С. Ұлтым деп соққан жүрегi // Қазақ әдебиетi.- 2000.-24 қараша.- 9 б.
Қайсенов Д. Мәдениет ғұламасы// Орталық Қазақстан.- 2000.- 25 қараша
Омашева Д. Қиын да қызық бір кезең // Орталық Қазақстан. - 2008. - 18 қазан. - 5 б.
Сексенұлы С. Жарқылдап өткен ғұмыр // Орталық Қазақстан.- 2000.- 6 желтоқсан
Сексенұлы С. Мәдениет ғұламасына тағзым // Орталық Қазақстан.- 2000.- 13 желтоқсан
29 наурыз 1950 – Ақын Серік Ақсұңқарұлының
туғанына 70 жыл
Серік Ақсұңқарұлы 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
«Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында,
әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық
«Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім