Page 11 - КЗД_каз_2020
P. 11
Есдәулет Ұ. Өркениет заманының сөзгері. // Азия Транзит.- 2000.- №7 (қазан).- 39 б. //
Сана.- 2000.- 5 қазан (№38).- 5 б., Орталық Қазақстан.- 2000.- 27 қырк.
Есенбай Е. Жүректен қозғар сыры бар // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 ақпан. - 8 б.
Есенжолова А. Ұлттық рухымызды көтерген кеш // Орталық Қазақстан. - 2001. - 18 сәуір.
Кәренов Р. Өр сезімді ақын // Азия Транзит. - 2002 . - №11. - 44-46 б.
Кәрібай Ш. Мазмұнды- жыр кітабы // Азия Транзит. - 2004 . - №3. - 39 б.
Қабидолдин Р. «Ұлы түрік қыраны» // Орталық Қазақстан. - 2015. - 18 маусым. - 1 б.
Қанафин Н. Дөңгеленген дүни е кейпі "Дүрия дүниеде" // Орталық Қазақстан. - 2012. - 6
қазан (№ 169/170). - 10 б.
Қожақызы Н. Алпысың сенің - талтүсің! // Взгляд на события. - 2010. - 3 марта. - 18 б.
Лекеров Қ. Сиқырлы сұлу сөзден сыртартқан... // Орталық Қазақстан. - 2000. - 29 қараша.
Майбас Т. Әріптесіміз одаққа өтті // Орталық Қазақстан. - 2005. - 20 қазан. - 1 б.
Майбас Т. Поэзия вахтасында ақын тұр // Орталық Қазақстан.- 2000.- 29 қараша
Несіпбай А. Ілтипат ізсіз қалмайды // Орталық Қазақстан. - 2010. - 31 шілде. - 8 б.
Ниязбек Р. Өскен елдің өрелі ақыны // Орталық Қазақстан. - 2015. - 13 қаңтар (№ 3). - 6 б.,
Қазақ әдебиеті. - 2015. - 22-29 қаңтар (№ 3). - 6 б.
Суханберлин О. Сиқырлы сөзден сыр тартқан // Орталық Қазақстан. - 2009. - 1 желтоқсан
(№ 183). - 6 б.
Табынұлы Т. Ақыны бар халықтың тілі өлмейді // Сана. - 2000 . - 7 желтоқсан. - 2 б.
Хамзин М. Жауһар жырлы ойшыл ақын // Орталық Қазақстан. - 2010. - 20 ақпан. - 4 б.
Шолақ Т. Сәбит Бексейіттің бейнежырлары кештің көркін кіргізді // Орталық Қазақстан. -
2000. - 14 қазан.
23 наурыз - 1920 – 5 ақпан 2015 Ғалым-экономист,
экономика ғылымдарының докторы профессор
Талғат Әбдірахманұлы Әбдіразақовтың туғанына 100
жыл
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында 23 наурызда 1920 жылы дүниеге
келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Благодатное
ауылында балалар үйінде тәрбиеленеді. Еңбек жолын 1939 жылы мұғалімдіктен бастады. 1940
жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды.
Қарағанды мұғалімдер институтын (1947), БК(б)П ОК-нің Жоғары партия мектебін (1952),
КОКП ОК-нің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1961)
бітірген. 1947-1950 жылдары Қазақстан КП Қарағанды обкомының насихат және үгіт бөлімінің
лекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1952-54 Қазақстан Компартиясы Қарағанды,
Гурьев қалалық комитеттерінің хатшысы. 1954-57 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК-нің хатшысы,
1961-1978 жылдары Қарағанды педагогикалық институты, ҚарМУ саяси экономия
кафедрасының меңгерушісі. 1978-86 жылдары Кооператив институтының ректоры. 1987
жылдан өзінің өмірінің соңғы күндеріне дейін Т.Әбдіразақов алдымен Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ-де, содан кейін Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетінде экономика
теориясы кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс істеді.
200-ден астам ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 8 монография) 4-ші сайланған КСРО
Жоғары Кеңесінің депутаты, «Құрмет Белгісі», 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері, «Құрмет»
ордені, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған.
Ұлы Отан соғыс жылдары Отан алдындағы зор еңбегі, экономиканың, мәдениеттің
дамуына үлес қосқаны үшін, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жастарға
интернационалдық тәрбие бергені үшін 1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының құрметті
азаматы» атағы берілді. Қазақстан республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.
Әдебиеттер: