Page 14 - КЗД_каз_2020
P. 14

Университеттегі  ректорлық  қызметтен  босағаннан  соң,  Е.А.Бөкетов  1980-1983  жылдары
            (яғни  өмірінің  ақырына  дейін)  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  Химия-металлургия
            институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі болып қызмет істеді.
                  Е.А.Бөкетов тек қана химия және металлургия саласының үлкен ғалымы емес, сонымен
            қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болған. Ол артынан көптеген
            ғылыми және әдеби еңбектерін қалдырып кеткен.
                  Е.А.Бөкетов әдебиет саласына ерте араласқан. Ол Марьевка селосының орта мектебінде
            оқып  жүріп  С.Мұқановтың  “Жұмбақ  жалау”  романын  қазақ  тіліне  аударған.  Одан  кейін
            Е.А.Бөкетов елуінші жылдары әдебиет саласында (ғылыми жұмыстарымен қатар) еңбек етті. Ол
            Ғ.Мүсіреповтың “Оянған өлке” романына, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың
            “Майра”, З.Шашкин мен М.Гольддлагтың “Тоқаш Бокин”, Ш.Құсайыновтың “Кеше мен бүгін”,
            Н.Хикметтің  “Махаббат  туралы  аңыз”  спектакльдеріне  сын  мақалалар  жазған.  Ол  жазған
            мақалалар әдеби жағынан сауатты, жоғары кәсіби деңгейде болды.
                  Осы елуінші жылдары Евней Арыстанұлы аудармашылық жұмыспен көп айналысады. Ол
            орыс  тілінен  қазақ  тіліне  И.Василенконың  “Артемка”  повесін,  Э.Золяның  әңгімелері  мен
            мақалаларын,  болгар  жазушысы  И.Вазовтың  “Бұғауда”  (“Под  игом”)  пьесасын,  С.Есениннің
            “Анна Снегина” поэмасын аударған.
                  Елуінші жылдардың орта шенінде Е.А.Бөкетов шығармашылығы республикада ғана емес,
            одақ оқушыларына да мәлім болған. Оған тіпті “Литературная газетінің” Қазақстан бойынша
            меншікті  тілшісі  болуы  жөнінде  ұсыныс  алған.  Бірақ  ол  ұсыныстан  өзіне  тән
            қарапайымдылықпен бас тартады. Өйткені оның негізгі жолы–ғылым, ғылымдық еңбек болған.
                  Алпысыншы  жылдардың  аяғында  ол  “Орталық  Қазақстан”  газетіне  “Канада  әсерлері”
            атты  публицистикалық  әңгіме  жазған.  1969  жылы  сол  газетте  академик  Қ.И.Сәтбаевтың
            туғанына 70 жыл толуына арнап “Аққан жұлдыздан құс жолына дейін” деген үлкен мақаласын
            бастырған. Бұдан соң ол елімізге белгілі ғалым әрі жазушы ретінде толық танылған. Ол ғылым
            мен әдебиетті құстың қос қанатындай тең ұстаған.
                  Ол  өзі:  “Мен  әдебиетті  білмеген  ғалымды  асыл  мәнінде  нағыз  ғалым  болады  деп  айта
            алмас  едім,  үлкен  ғалымдар  қашанда  мәдениеті  жоғары,  әдебиетке  жетік  болған”,  –деп  жиі
            айтқан.
                  1970-1980 жылдары Евней Арыстанұлы әр түрлі республикалық және облыстық мерзімді
            басылымдарда  ондаған  публицистикалық  мақалалар  жариялаған.  В.Маяковскийдің  “Керемет”
            (“Хорошо”) поэмасын, В.Шекспирдің “Макбет” және “Юлий Цезарь” трагедияларын аударған.
                  Е.А.Бөкетовты Қазақстан ғылымы мен мәденитетінің туып, дамуы, переспективасы қатты
            ойландырған. Оның 1975 жылы “Жазушы” баспасынан “Атан қомында туған адам” кітабы және
            1977  жылы  сол  баспадан  орыс  тілінде  “Творчество  қырлары”  атты  деректі-көркем  очерктері
            басылып  шыққан.  “Атан  қомында  туған  адам”  очеркінде  өнер,  білім,  мәдениет  туралы  әр
            жылдары  жазған  ой-толғаныстарымен  қоса  қазақтың  ғалымдары  Қ.Сәтбаев,  М.Әуезов,
            И.Қарағұлов,  Ә.Бектұровтардың  шығармашылық  ізденістерін,  талғам-танымын,  тапқан
            жаңалықтарын  шұрайлы  тілмен  әсерлі  әңгімелеген.  Осы  кітабында  Е.Бөкетов  әдебиет
            мәселелеріне ойысып, оның ішінде әсіресе, ақындық өнер, ақындық дарын хақында өз түсінігін
            оқырмандарымен бөліскен.
                  Е.А.Бөкетовтың орыс халқының Д.М.Менделеевқа арналған повесі “Досқа алты хат” деген
            кітабы “Жалын” баспасынан 1989 жылы орыс тілінде, ал 1995 жыды қазақ тілінде жарық көрді.
                  Өмірінің соңғы күндерінде Е.Бөкетов орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиныің Баркалай де
            Толлиге  арналған  “Қолбасшы”  (“Полководец”)  атты  өлеңін  қазақшаға  тәржімалдаған.
            Аударманы  түп  нұсқасымен  салыстырғанда  Е.Бөкетовтың  ақындық  қуатын  жаңа  қырынан
            көргендей  боласың.  Оның  жазу  столынан  ұлы  математик  С.В.Ковалевскаяның  өлеңдері
            табылған.  Бұған  дейін  қазақ  ақындарының  қолы  тимеген  жырлар.  Бітпеген,  атқарылмаған
            істерінің бір ұшығы осылар болар-ау шамасы.
                  Академик  Е.Бөкетовтың  есімін  ел  есінде  мәңгілік  қалдару  үшін  кейінгі  жылдары  оның
            әдебиет  саласындағы  еңбектері  жарияланып  жатыр.  Ғалымның  мұрагер  інісі  Қамзабай
            Бөкетовтың белсене араласуымен “Көкейкесті” атты шығармасы 2000 жылы “Қазақстан” баспа
            үйі” серіктестігінен жарық көрді. Бұл кітапта Е.А.Бөкетовтың тірі кезінде жазылып осы кезге
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19