Page 6 - КЗД_каз_2020
P. 6
4 ақпан 1940 – 2006 - Медицина ғылымдарының
докторы, ғалым-гигиенист, профессор Ғабдолла
Әбдіқожаұлы Құлқыбаевтың туғанына 80 жыл
Қарағанды қаласының және Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы
Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев 1940 жылы 4 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы,
С.Сейфуллин атындағы кеңшарда дүниеге келген.
1957 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түсті.
1969 жылы осы институттың аспирантурасын ойдағыдай аяқтап, кандидаттық диссертация
қорғады.
1966 жылдан 1978 жылдар арасында ҚММИ ассистент, доцент қызметтерін атқарды.
1969 жылы Ғ.Ә.Құлқыбаев «Бауырдың функционалдық жағдайының жас ерекшеліктері»
тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
1979-1981 ж.ж. ҚР ДМ жаңадан құрылған кардиология Институтында директор болып
істеді. Кардиология Институтының бірінші директоры және негізін қалаушы ретінде ұзақ
мерзімді ғылыми бағдарлама әзірледі, ол бүгінгі таңға дейін өз мәнісін жоғалтқан жоқ.
1982 жылдан 1989 жылдар аралығында КСРО МҒА тамақтанудың аймақтық
проблемалары институты мен өлкелік паталогиялар институтында лаборатория және бөлімше
меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1990 жылы ол «Фосфор өндірісіндегі зиянды заттармен уланудың патогенезіне, алдын-
алуына және емдеуіндегі тамақтану факторының ролі» тақырыбында докторлық диссертация
қорғады.
1990 жылы Ғ.Ә.Құлқыбаев ҚР ҰҒА еңбек гигиенасы мен физиологиясы институтында
директор болып сайланды. Осы кезден бастап Ғ.Ә.Құлқыбаевтың – ғалым, жетекші және
медицина ғылымын ұйымдастырушы ретінде көпқырлы дарындылығы ерекше айқын байқалды.
Мұнда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің ауқымы кеңейді. Ғ.Ә.Құлқыбаевтың тікелей
араласуымен институтта экологияның медициналық-гигиеналық проблемалары бөлімі ашылды,
әрі табысты жұмыс істеуде.
Ол бірнеше рет халықаралық және республикалық ғылыми конгрестерде, съездерде,
конференциялар мен симпозиумдарда (Москва, Вена, Загреб, Будапешт, Хьюстон, Вашингтон
және т.б.) баяндамалар жасаған.
Ғ.Ә.Құлқыбаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 30-ы шетелдерде жарық
көрген, 10 монография шығарылып, өзінің редакциясында 14 ғылыми еңбектер жинағын
жарыққа шығарды. Сонымен қатар, «Профпатология жетекші құралы» және «Еңбек гигиенасы
жетекші құралы» дайындалды. Ресей мен Қазақстан бойынша 8 авторлық куәлік пен патенттер
иегері. Шетелдердегі бірнеше ғылыми журналдың редакциялық алқа мүшесі. Ғылыми
ізденістермен қатар жоғары оқу орындарында жастардың тәлім-тәрбиесімен шұғылданып, дәріс
берді. Сол себепті 1992 жылы «Гигиена» мамандығы бойыншы профессор ғылыми атағын
иеленді.
Профессор Ғ.Ә.Құлқыбаев 18 ғылым докторы мен 34 медицина ғылымдарының
кандидатын дайындады. Оның оқушылары республикада кафедраларды, ғылыми
лабораторияларды басқаруда.
Қазақстан ғылымын дамытудағы Ғ.Ә.Құлқыбаев еңбегі өзіндік бағасын алды, ол Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корресппонденті (1995), профилактикалық
медицина академиясының академигі (1996), Қазақстан Ғылым Академиясы Президиумының
мүшесі (1999), Ол ҚР дарынды ғалымдарына арналған мемлекетік стипендияның иегері (1997),
ҚР ҰҒА Президиумының, ҚР Ғ және ЖБМ жоғарғы ғылыми-техникалық Кеңесінің мүшесі.
Ғ.Ә.Құлқыбаев үлкен ғылыми-коғамдық жұмыстар атқарды. Ол 14.00.07. «Гигиена»
мамандығы бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі
Диссертациялық Кеңестің Төрағасы, физиологтардың Республикалық қоғамның вице-
президенті, «седицина труда и прмышленная экология» және «Известия МН и АМ РК»
журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі, «Медицина и экология», «Здоровья и болезнь»
журналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі, «Қазақстан Денсаулығы», «Гигиена,