Кітапханамызда 18-23 сәуір аралығында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығы өтті.

Мақсаты – кітап шығарушыларға, жазушылар мен ақындарға құрмет көрсету, кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастарды кітап оқуға баулы, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Балалар мен жастар кітабының апталығының қатысушыларына қызыққа толы шаралар әзірленіп, ашылу салтанатында кітапхананың үздік оқырмандары мен жанашырлары марапатталды.

Бүгін бір апта бойы «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабы апталығын өткізіп, оқырмандарға түрлі шаралар ұйымдастырып, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылын достарымызбен бірге атап өткен Апталығымыз да өз мәресіне жетті.

Кітап оқуды сәнге айналдыруды мақсат тұтқан кітапхана апта бойы пікір алмасу алаңдарын, кездесу кештерін, кітап тұсаукесерлерін, квест ойындарын, әдеби турлар мен сағаттар өткізіп, рухани орданы мерекелік көңіл-күймен әрледі.

Қатарымызға жаңа оқырмандар мен белсенді еріктілер қосылып қана қоймай, қорымыз жаңа сыйлық кітаптармен толықты.

Ал бүгін Апталықтың шымылдығы жергілікті автор Ғабдыманап Жазыбаевтың «Тағдыр» атты кітабының тұсаукесерімен жабылды.

Кітапханада «Бүгінгі сән - КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының Апталығы аясында 18 сәуір мен 23 сәуір аралығында оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған квест ойыны, әдеби тур, викториналар мен әртүрлі шаралар өткізілді. Соның ішінде ерекше форматта «Жасырын кездесу» Кітаптар акциясы ұйымдастырылды.

Бүгін дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығы жалғасын тапты.

Кітапханамыздың һақ төрінде танымал қарағандылық сазгер және ақын, композиторлар халық клубының жетекшісі, «ҚР Мәдениет қайраткері», Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «ҚР Үздік педагогы» Людмила Евгеньевна Мельниковамен  «Песни дружбы и мира» атты кездесу кеші өтті.

Балалар мен жастар кітабы апталығының аясында кітапхана қызметкерлері "Таңшолпан" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Іс-шараны ұйымдастыруда көзделген мақсат – балаларға көркем әдебиеттің озық үлгілерін оқуға ұсынып, кітап арқылы адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту.

Ай кітабы