Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауларында - жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатынын және халықтың үміті мен ұмтылысы әрдайым өскелең ұрпақпен байланысты болатынын, сондықтан жастардың тиісті тәрбие алуына, білімі мен дағдысына ерекше баса назар аударатындығын тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар, Қазақстан халқының болашақ игілігі мен үміті екені түсіне отырып, жастарды қаржыландырумен қамтамасыз ететін дамыту бағдарламаларын әзірледі.
1998 жылғы 8-12 тамызда Лиссабонда өткен Жастар ісі жөніндегі министрлердің, дүниежүзілік конференциясының ұсынысы бойынша - 1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен күн, яғни 12 тамыз - Халықаралық Жастар күні біздің республикамыздағы жыл сайын атап өтілетін елеулі оқиға болып табылады. Алғаш рет Халықаралық Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді.