Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның құрылғанына 30 жыл. Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылы елімізде Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бірыңғай жүйесіне кiретін және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған ҚР Ұлттық ұланы құрылған болатын. Ұлттық Ұланның қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет. Мақсаты - мемлекеттік әскери шараларды және мемлекеттік объектілерді қорғауды, шетелдік делегацияларды қарсы алуды және шығарып салуды және басқа маңызды шараларды орындайды. Ұлан әскерлері өздерінің саптық бой түзеу мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығын бейнелейді.

7 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізілген «Қуыршақтар әлемі - Мир кукол» атты АРТ-МАРАФОН мәресіне жетті.

Қуыршақ әлемін түрлендіріп, қолөнер шеберлері аталмыш шараға алуан түрлі жұмыстарын ұсынып, шараның маңызы мен мағынасының ажарын ашты.

Қазақстандағы балалар жылы аясында өткен ерекше өнер сайысына Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларынан, сонымен қоса, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Осакаров, Ақтоғай елді мекендерінен 90-нан астам шебер қатысып, папье-маше, полимерлі саз, ағаш, жүн, тоқыма, трикотаж және аралас материалдардан жасалған интерьерлік және авторлық қуыршақтарын ұсынды.

Құрметті оқырмандар!

Биыл қазақтану ғылымының қара нары, бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған толағай тұлға Ақселеу Сейдімбектің туғанына  80 жыл толады.
Осы мерейтойы аясында кітапханамызда Ақселеу Сланұлының өмірі мен шығармашылығын жан - жақты таныту, оның қайталанбас туындыларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби – марафоны ұйымдастырылады.
Он айға түрлі тақырыпта, түрлі формада ұйымдастырылатын шараның жоспарымен таныс болыңыздар.

Қазақтану ғылымының қара нары, бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған толағай тұлға Ақселеу Сейдімбектің туғанына биыл 80 жыл толады.

Осы мерейтойы аясында кітапханамызда Ақселеу Сланұлының өмірі мен шығармашылығын жан - жақты таныту, оның қайталанбас туындыларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» аттыөлкетанулық әдеби – марафоны он айға түрлі тақырыпта, түрлі формада ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Сол шараның алғашқысы 2022 жылдың 11 наурыз күні «Алаштың Ақселеуі» әдеби ақпараттық сағаты өтті.

Шара онлайн форматта ZOOM  платформасында ұйымдастырылды.

Бүгін ҚР ІІМ Қарағанды академиясы біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталмыш мекеменің басшысы Дулат Әлиасқарұлы арнайы келіп, кітапханамен танысып, екі мекеме арасында оқу-танымдық процесті жүзеге асыру, бірлесе іс-шаралар ұйымдастыру сынды мәселелерді талқылады. Облыстық кітапхана тарапынан біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетінің кітапхана қорына «QASYM» сериясының 4-томдығы сыйға ұсынылды.

Ай кітабы