Кітапханада «Бүгінгі сән - КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының Апталығы аясында өтіп жатқан «Әдеби экспресс» квест ойынына экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері қатысты.

Әдеби квесттің бағыты қазақ және орыс әдебиетінің шығармаларының авторлары мен ертегілерінің кейіпкерлерімен байланысты болды.

Ойын қатысушыларды жаңа және қызықты кітаптармен таныстырып қана қоймай, топта жұмыс жасау қабілетін арттырып, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді.

Жарысқа 5 адамнан құралған «Көшбасшы», «Кітапқұмар», «Жұлдыз» 3 команда ат салысты. Олар «Авторды тап», «Табылған заттар бюросы», «Жазушыны портреттен біл» бағыттарын аралай отырып, кітап сөрелеріндегі белгілерді тауып және әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітапхана бойынша саяхат жасады.

Ойын соңында дұрыс жауап берген қатысушылардың жетондары саналып, топ жеңімпазы анықталды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды.