Кешегі күні кітапханамызда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараға кітап сүйер қауым мен кітапханамыздың достары, жанашыр мен қолдаушылары жиналды.

Мерекелік көңіл-күйді табалдырықтан аттаған әрбір жан сезінгендей еді. Көркем кітап көрмелері мен сәнді безендірілген кітапхана нағыз КІТАП мерекесін айшықтап тұрды. Барлық келушілерге «Жастар оқиды және кеңес береді» атты Кітап керуені ұйымдастырылды.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Кітапты дос еткен оқырмандарымызды осы мереке қарсаңында қошеметтеуді жөн санаған кітапхана қызметкерлері ең үздік әрі белсенді деген мықтыларды танып, номинацияларға ұсынды.

  • «Ең позитивті оқырман» номинациясы – Ахметова Гүлдана, Қарағанды медицина университетінің ұстазы;
  • «Ою мен ой» номинациясы – Біржан Балтабайұлы, №95 гимназиясының информатика пәнінің ұстазы;
  • «Үздік ізденуші» номинациясы – Әділет Жағыпар, тарихшы, зерттеуші;
  • «Ағылшын тілінде оқитыны құмарпаз» номинациясы – Мухамбетжанов Эльнар, 10 сынып оқушысы;
  • «Белсенді ерікті» номинациясы – Амангелды Нұрай, «Болашақ» колледжінің студенті;
  • «Зияткер оқырман» номинациясы – Садықов Мақсат, №4 поликлиниканың дәрігері;
  • «Кітапханалық жарылыс» номинациясы – Мухамеджанов Адиль, «Болашақ» академиясының студенті;
  • «Кітапхана жанашыры» номинациясы – Орынбаева Эльмира, ақын;
  • «Шығармашылық достық» номинациясы – Асель Жетписбаева, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі;
  • «Отбасылық дуэт» номинациясы – Силантьева Лариса және Бызова Галина;
  • «Суретші-Оқырман» номинациясы – Есіркеев Мейрам, зейнеткер, суретші
  • «Шығармашыл тұлға» номинациясы – Шалимова Алла, №2 лицейдің 7-сынып оқушысы;
  • «Оқырман отбасы» номинациясы – Мазневтар отбасы: анасы Ольга мен ұлы Артем.

Шараның музыкалық көркеюіне №1 балалар музыка мектебінің оқушылары үлестерін қосты.Қайырбек Санжар Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса» әнін орындаса, Гараев Мансур «Во кузнице» орыстың халық әнін баянмен орындап, жұрт қошеметіне бөленді. Мансурдың орындауына тәнті болған халық тағы бір музыкалық композиция орындауын қошеметпен сұрады.

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл 150 жылдық мерейтойы аталып отырған қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары таңдалған болатын. Осы орайда, С. Саттаров атындағы 57 мектеп-лицейнің оқушылары Нұрай Жұмаш пен Арна Момбай А. Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңі мен «Еменнің түбіндегі шошқа» мысалын оқып, тұлғамыздың шығармашылығын насихаттады.

Кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болуға шақыратынын осы мереке тағы бір айшықтағандай еді.

Осы күні Кітап мерекесіне жиналған қауым «Жасырын кездесу» кітаптар Акциясына, «Интерактивті кітаптар» Әдеби турға, «World of the foreign literature» Викторинасынақатысып, білімдерін шыңдады. Жастарға арнайы ұйымдастырылған бұл шаралар өте қызықты болып, қимай қоштасты.

Тікелей эфир