Ақтас кентіндегі №2 отбасылық оқу кітапханасында «Шерстяная флористика: брошь своими руками» атты көшпелі шеберлік сабағы өтті.
Сабақ барысында жүнді басу техникасының шебері Р. Адакова гүл пішініндегі түйрегіш жасаудың қыр-сырын таныстырып, қолданылатын материалдар мен жұмыс тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Бұл шеберлік сабағы қатысушыларға сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрін меңгеруге, тәжірибе алмасуға және екі клуб арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
