- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 371
Құрметті оқырмандар!
Кітапханамызда ЖАҢА ҮЙІРМЕ жұмысын бастамақ!!!
Қазақтың киелі аспабы домбыра тартып үйренуге ынта-ықыласы бар 7 жастан асқан барша балаларға "Әлқисса" домбыра үйірмесіндеқараша айынан бастап тегін сабақтар өтеді. Үйірме аптасына екі рет сейсенбі күні сағат 11.00-де, бейсенбі күні сағат 15.00-де өтеді. Үйірменің шарты – әр шәкірт өз домбырасымен келуі керек.
Үйірменің жетекшісі – әнші, сазгер, республикалық байқаулардың жеңімпазы Амангелді Ахметжанов.
Байланыс телефоны – 87024344466
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 505
Әлемде әрқашан жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік секілді мәңгі құндылықтарға орын бар. Нақ осы құндылықтар бізге кез келген қиын уақытта адамгершілік келбетімізді сақтауға көмектеседі. Өмір игі істер жасауға берілген.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, "25 игі іс" атты республикалық акция еліміздің әр өңіріндегі отандастарымыз белсенді қолдап, шарапаты мол игі істерге ұйытқы болуда.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 421
Құрметті достар!
6 қазан күні сағат 11.00-де Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған "Сүйем сені, Туған өлкем" атты облыстық балалар сурет байқауының қорытындысы жарияланады.
Сіздерді балалар сурет көрмесін тамашалауға және байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатысуға шақырамыз.
Мерекелік көрменің қонағы болыңыздар!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 546
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап отырған мерейлі жылы еліміздің тұңғыш ағартушы-педагогі, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойы да аталып өтуде.
Осы атаулы датаға кітапхана "Ыбырай Алтынсарин – педагогика ғылымының негізін қалаушы" атты конференция өткізді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 376
2016 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Талдықорған қаласында қазақтың аса көрнекті ақыны Т.Молдағалиевтың өшпес мұрасын халық арасында насихаттау мақсатында "Жүрегі жырдан жаралған" атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауы өтті. Аталмыш шара биылғы жылдың басты оқиғасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Қарағанды облысының атынан әншілер байқауына әріптесіміз, әнші, сазгер Амангелді Ахметжанов аймақтың намысын қорғауға аттанған еді. 3 күн бойы еліміздің дүлдүл әншілерімен бақ сынасқан Амангелді Берікбайұлы жүлделі 3 орынның
...