Фильтр

Әнұран, Ту, Елтаңба – орны биіктен сайланған мемлекеттің мызғымас рәміздері. Елдің елдігін, халықтың бітім-болмысын көрсететін ұлттық құндылықтарымыздың ресми түрде қабылданғанына 25 жыл. Ал, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осыған сәйкес бұл күн Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

1 маусым – "Халықаралық балаларды қорғау күні"мерекесінде кітапхана іші шат-шадыман бала күлкісіне бөленді. Кітапхананың кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің балалары "Армысың, ЖАЗ" атты мерекелік шараға жиналды. Түрлі конкурстарға, ойындарға аса ыждаһаттықпен қатысқан балалар ептіліктері мен тапқырлықтарын, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.

{gallery}/material/news/2017_detskiy_prazdnik{/gallery}

Бала көңілдің назарын магниттей тартатын "Тәттілер" столы мен арнайы дайындалған сыйлықтар кішкентай қонақтардың

...

Әдеттегідей кітапханадағы жазғы маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарамен ашылады. Маусым айында Жазғы оқу қаласы ашылып, "Кітапханадағы жаз мезгілі" бағдарламасы аясында балаларға арналған клубтар мен үйірмелері өз жұмысын бастайды.

Маусым айына арналған іс-шаралар жоспары.

Қазыналы Қарағандыға ат басын тіреген арда тұлғалар қасиетті қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Бұл жолы кітапханамыз Алаштың аспантау ақыны, ұлт жанашыры – Мұхтар Шахановты құрметті қонақ етіп, оқырмандармен кездесу кешін ұйымдастырды.

"Тағылым" танымдық-интеллектуалды клубының аясында өткен кездесуді айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов тізгіндеді. Жиналған жұртпен амандасып алған соң, алпауыт ақынға сөз берілді. Әдебиет жайлы өрбіген әңгімені оқырман қауым қызыға тыңдады. Ұлт болмысы, тіл тағдыры да назардан тыс қалған жоқ. Кеш барысында қаламызда өткен "Тұлға"

...

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.

Ел естісе жан түршігетін зұлмат жылдарда, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Жалпы 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция

...