1 маусым – "Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесінде кітапхана іші шат-шадыман бала күлкісіне бөленді. Кітапхананың кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің балалары "Армысың, ЖАЗ" атты мерекелік шараға жиналды. Түрлі конкурстарға, ойындарға аса ыждаһаттықпен қатысқан балалар ептіліктері мен тапқырлықтарын, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.
{gallery}/material/news/2017_detskiy_prazdnik{/gallery}
Бала көңілдің назарын магниттей тартатын "Тәттілер" столы мен арнайы дайындалған сыйлықтар кішкентай қонақтардың ерекше көңіл күйлерін асқақтата түсті.