Page 7 - Кітап оқуды дамыту әдістері мен идеялары әдістемелік ұсыныс
P. 7

ҚОРЫТЫНДЫ

                       Абай,  Фирдоуси,  Наполеон  Хиллді  бір  бөлмеге  тек  кітап  қана  жинай
                  алады. Өйткені, кітап - уақыт машинасы секілді сені бір дәуірден екінші бір
                  дәуірге  апарады.  Біз  де  кітап  оқу  барысында  әр  дәуірде  өмір  сүріп,  сол
                  дәуірдің  данышпандарымен  сұхбаттасып    келгендей  боламыз.  Бірақ,  сол
                  оқыған кітаптардың барлығын кейде бір ғана кітапты табу үшін оқимыз. Ал,
                  кейде өзгеру үшін, сұрағымызға жауап табу үшін, жаңа идеяларды іздеу үшін
                  оқимыз.
                       Яғни, белгілі бір мақсатта кітап оқуды бастап, бірақ оны себепсіз оқуды,
                  күнделікті  әдетке  енгізуді  бастай  алмай  жатамыз.  Оны  әдетке  айналдыру
                  үшін «кітап оқуды дамыту» тақырыбына жай ғана шығармашылық процесс
                  ретінде  қарау  керек.  Сіз  бұл  процесс  кезінде  демалу,  даму,  сөздік  қорды
                  байыту және тағы басқа түрлі жағымды әсерді бастан кешіресіз, сөйтіп «кітап
                  оқуды  дамыту»  процессі  кез  келген  адамның,  қоғамның  күнделікті
                  атқарылуы керек шығармашылық әдетіне айналады.
                       Жалпы, кітап оқуға деген құштарлық кез келген жастағы адамдарға тән
                  ортақ қасиет. Күнделікті бір нәрселерді білу, белгісіз сырдың құпиясын ашу
                  –  ол  барлық  адам  үшін  әсерлі  сәт.  Қиын  есепті  немесе  творчестволық
                  мәселені адамның өздігінен ізденіп шешуінен артық қанағаттану сезімі жоқ,
                  ал, мұндайда оған көмекке келетін бірден-бір жәрдемші – кітап.



                                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

                       М.Құдайқұлов  Қабілеттілік.  Дағды.  Шеберлік  [Мәтін]  /  Алматы:
                  Қазақстан, 1986. – 118 б.

                       Д. Жігітбек Лайфхактар. Өміріңді өнімді өткіз [Мәтін] / Алматы: Самға,
                  2020. – 208 б.


                       И.Смирнова  Современные  формы  продвижения  книги  и  чтения
                  [Электронный ресурс] : методические рекомендации // ГБУК Архангельской
                  области.        –       2017.       –       С.      11.       –      Режим         доступа:
                  https://biblioteka29.ru/upload/medialibrary/995/innovations.pdf
   2   3   4   5   6   7